Жаңалықтар мұрағаты 2021

07.05.2021 | ҚАДІРЛІ АРДАГЕРЛЕР, ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Сіздерді Ұлы Жеңіс мейрамымен құттықтаймыз! 9 мамыр – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін сақтап қалған әкелеріміздің, ата-бабаларымыздың ерлігін еске алатын күн. Біз жеңістің туын тіккен қаһармандарға бас иіп, жерімізде халықтар достығы мен бірлігін, бейбітшілігі мен келісімін жалғастырып келеміз.

06.05.2021 | БАТЫРЛЫҚ ИНСТИТУТТЫҢ ДӘСТҮРІ МЕН МӘРТЕБЕСІ

Елбасы кітапханасында №47 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Жәдігерлер сөйлейді...» циклы бойынша «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қаруландыру» тақырыбында  экскурсия-сабақ өткізілді.

06.05.2021 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. СЕРКЕ ҚОЖАМҚҰЛОВ

Осыдан 125 жыл бұрын  кәсіби қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі, актер  ҚазКСР  Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері – Серке (Серәлі) Қожамқұлов дүниеге келді.

05.05.2021 | ЕҚЫҰ-НЫҢ НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР КЕҢСЕСІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БОЛДЫ

 Бүгін ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалық кеңсесінің жаңа басшысы Фолкер Фробарт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында болды.  Мәртебелі мейман Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратындағы ауқымды экспозицияларымен танысып, алған әсерімен бөлісті.

05.05.2021 | «ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА АДАМ МЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ҮЙЛЕСІМДІ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ ҮШІН ДАЛАЛЫҚ АТҚА МІНУ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ» СҰХБАТ АЛАҢЫ

5 мамыр күні Елбасы кітапханасында «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

04.05.2021 | БІЗ БАРШАҢЫЗДЫ ЭКСКУРСИЯДА КҮТЕМІЗ!

Ә.Бөкейхан көшесі, 1А (сол жағалау) мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратына келе беруге болатынын және экскурсиялық турлардың жалғасатынын қонақтарымызға қуана хабарлаймыз. Музей күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, белгіленген режимде жұмыс істейді. Экспозицияға кіру уақыты – 17.15-ке дейін. Демалыс күні – дүйсенбі. Экскурсияға өтінімдер алдын ала мына телефондар арқылы қабылданады.:69 30 08, 69 30 44, 69 30 40, 75-12-92, 75-12-96

04.05.2021 | БАЙҚОҢЫР: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ

4 мамырда Елбасы кітапханасында көпшілік іс-шаралар бағдарламасы аясында «Адамға табын, жер, енді!» халықаралық көрме алаңында «Байқоңыр: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

04.05.2021 | «ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА АДАМ МЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ҮЙЛЕСІМДІ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ ҮШІН ДАЛАЛЫҚ АТҚА МІНУ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ» СҰХБАТ АЛАҢЫ

Ағымдағы жылдың 5 мамырында, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында онлайн сұхбат алаңы құрылады. Іс-шара ат міну өркениетінің далалық ерекшеліктерін анықтап, оны адамзат қоғамының тарихи моделі ретінде қарастыруды көздейді.

30.04.2021 | «ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогы үшін онлайн пікірталас турнир өткізді.

30.04.2021 | ХАЛЫҚТЫ БІРЛІККЕ ШАҚЫРАТЫН «КӨРІСУ» ДӘСТҮРІ

Ұлы дала кеңістігінде ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер терең мағыналы. Олар елді бірлікке, тірлікке шақыратын, татулықты меңзейтін, жақсылыққа бағыт беретін, адамдардың жүрегіне тыныштық пен кешірімділік ұялататын әдет-ғұрып болып саналады.

29.04.2021 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ДЕРИЖЕРІ АХМЕТ ЖҰБАНОВ 115 ЖАСТА

Қазақ музыка мәдениетінің іргетасын қалаған азаматтардың бірі, музыка саласының тұңғыш академигі, тұңғыш өнертану докторы, қазақтың халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбанов биыл 115 жасқа толып отыр. Ахмет Қуанұлы 1906 жылдың 29 сәуірінде, қазіргі Ақтөбе облысы, Темір ауданында туған. Өнердегі алғашқы ұстаздары – Талым күйші мен ауыл мұғалімі Қ.Ашғалиев болса, өмірге  көзқарасының қалыптасуына жазушы Ж.Тілепбергенов, ғалым ағасы Қ.Жұбанов әсер етті.

27.04.2021 | «ЕЛ ҮМІТІН ЕР АҚТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

28 сәуір күні, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік к., 11) Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Ел үмітін Ер ақтар» кездесуі өтеді. Іс-шараны Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады.

Беттер