Жаңалықтар мұрағаты 2019

17.09.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР

Осы күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың жыл сайынғы 10-шы отырысының қатысушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында болды.

16.09.2019 | ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЕКЕ АРХИВІ ТОЛЫҚТЫ

Елбасы кітапханасында Бақылау комиссиясы сарапшыларының отырысы өтті. Оның мүшелері негізгі мақсат ретінде Елбасы жеке архивінің қорын жүйелеп, кеңейтуді, оны орынды пайдалануды, бірегей құжаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздейді. 

13.09.2019 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІ, КЕДЕЙ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК, ИНТЕРНЕТТЕГІ ЦЕНЗУРА ЖӘНЕ БАСҚАЛАРЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНДЕ

XI Габала халықаралық музыкалық фестивалі мәресіне жетті...            Жетінші симфония – Ленинград құрсауының музыкалық нышаны...                  Кирилл Мартынов — интернеттегі цензура және еркіндіктің болмауы...          Білім күніне орай. Оқушылар туралы және оқушыларға арналған кітаптардың бестігі...                          

12.09.2019 | «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ БІЗДІ ЖАҢА ҚЫРЫМЫЗДАН АШТЫ»

Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен Жастар жылына арналған жобалардың жұмысы жүйелі жүргізілуде. Дәстүрге айналған екі күндік оқу курсы да соның айғағы. «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингі бұл аптада Ақтөбе және Қызылорда облыстары оқушыларының басын қосты. 

11.09.2019 | ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының ұжымы Нұр Отан партиясының «Баланы мектепке дайындаймыз» акциясы аясында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыға атаулы көмек көрсетті.    

10.09.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ «ХАНБОК ЖӘНЕ МЕН: ӨЗІМЕ ЕМДІК ЖОЛ» КОРЕЙ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -  Елбасы Кітапханасының музейінде «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей ұлттық киімдері көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығына орай Қазақстандағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.

09.09.2019 | «ХАНБОК ЖӘНЕ МЕН: ӨЗІМЕ ЕМДІК ЖОЛ» КОРЕЙ ДӘСТҮРЛІ КИІМДЕР КӨРМЕСІ

2019 жылғы 10 қыркүйек күні, 15-00 сағ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -  Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11, оң жағалау) «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей дәстүрлі киімдер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығына орай Қазақстандағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесе ұйымдастырылады.

06.09.2019 | ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ, КІТАПТАРЫ МЕН АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРЫНДА. 20 ЖЫЛ БҰРЫН ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын, 1999 жылғы 3 қыркүйекте Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұнай өнеркәсібінің 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

06.09.2019 | «ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН ЖАСАМПАЗ ИДЕЯЛАРЫ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

Бүгін Тараз қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Елбасы кітапханасының қызметкерлері «Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен жасампаз идеялары» семинар-тренингін өткізді.

06.09.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Ә.РАХЫМЖАНОВТЫҢ М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

6 қыркүйек күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың аталған жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушы құрамымен, докторанттарымен, магистранттарымен кездесуі өтті.

06.09.2019 | «ЕЛБАСЫНЫҢ ТАРИХИ МИССИЯСЫ: ЖАНАНДАНҒАН ӘЛЕМДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

6 қыркүйекте М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Елбасының тарихи миссиясы: жаhанданған әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған Тараз қаласы мен шетелдік (Германия, Португалия, Қырғызстан, Өзбекстан, т.б.) жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, студенттері, магистранттары мен докторанттары, сарапшы мамандар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

05.09.2019 | ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ СЕМИНАРЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНДІ

Елбасы кітапханасының «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингі өз жұмысын жалғастырды. ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 64 тыңдаушысы бүгін өткен жобаның қатысушылары болды. Олар екі күн бойы еліміздің басты стратегиялық құжаттары туралы жан-жақты ақпарат алды. Олардың қатарында «Ұлт жоспары. Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», сондай-ақ «Ұлы даланың жеті қыры».

05.09.2019 | ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҮШІН ЕЛБАСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

2019 жылғы 5 қыркүйек күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына негізделген ғылыми-әдістемелік семинар өтті. 

05.09.2019 | ТАРАЗДА «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

5 қыркүйекте Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көшпелі көрме Елбасының архив, кітапхана, музей қорларындағы бірегей материалдарға негізделеді. Тараз қаласының қалың жұрты Н.Ә. Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік марапаттар коллекциясымен, мемлекет басшылары мен беделді жазушылардың қолтаңбасы бар тартулық басылымдар мен Елбасының шет тілде жарық көрген еңбектерімен  алғаш танысты.

Беттер