Жаңалықтар мұрағаты 2019

27.09.2019 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУҒА ШАҚЫРАДЫ

1 қазан күні, 16-30 сағатта Елбасы кітапханасында (Әлихан Бөкейхан көшесі, 1, Назарбаев орталығы) «Сіз бағалайтынның бәрі – ядролық қарудан азат әлем үшін» халықаралық көшпелі көрмесінің тұсаукесері өтеді. Іс-шараны Жапониядағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, «Soka Gakkai International» (SGI), Ядролық қаруды жоюды қолдайтын Халықаралық компания (ICAN) ұйымдастырады.

27.09.2019 | «ІІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БҰҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

27 қыркүйек күні Назарбаев орталығында Жастар жылына арналған «ІІ Орталық Азия БҰҰ Халықаралық Моделі» жастар конференциясының ашылуы өтті. Жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қорының қолдауымен Орталық Азия БҰҰ Моделінің Үйлестіру орталығы жүзеге асыруда.

26.09.2019 | АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ БУЫН СҰХБАТ ҚҰРДЫ. «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖАЗУШЫ АЙТБАЙ СӘУЛЕБЕКПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Елбасы кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткерлері студент жастармен бас қосты. «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингінің тыңдаушылары алдыңғы буын зиялыларымен бірге кездесу ҚР Президенті сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Айтбай Сәулебектің шығармашылығымен танысты.

26.09.2019 | ОТАНДЫ СҮЮ САБАҒЫ

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 «Жансая» балабақшасының жас тәрбиеленушілері үшін «Музей және балалар» ғылыми–білім беру жобасы аясында «Менің шежірем – ел тарихының бір бөлігі» тақырыбында танымдық сабақ өтті.

25.09.2019 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚАДАМДАРЫ. Ə. РАХЫМЖАНОВ ЖАПОНДЫҚ HONDA ЖƏНЕ ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2019 жылғы 23 қыркүйек күні Елбасы кітапханасының Токиода өтіп жатқан «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» атты ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Елбасы кітапханасының директоры Əмірхан Рахымжанов Honda (Honda Foundation) қорының президенті Хирото Ишидамен кездесті.

25.09.2019 | ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БҰҰ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОДЕЛІ

27 қыркүйек күні Назарбаев орталығының ғимаратында Жастар жылына арналған Орталық Азия БҰҰ ІI Халықаралық Моделінің ашылуы өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Орталық Азия БҰҰ Халықаралық Моделінің Үйлестіру орталығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қоры.

24.09.2019 | ЕЛБАСЫ «ҮЛКЕН ЕУРАЗИЯ: ДИАЛОГ. СЕНІМ. СЕРІКТЕСТІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕУРАЗИЯ ЕЛДЕРІ ПАРЛАМЕНТТЕРІ СПИКЕРЛЕРІНІҢ IV КЕҢЕСІНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Еуразия елдері парламентарийлері басқосуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүкіл құрлықта парламентаралық диалог пен ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің негізгі даму басымдықтары туралы айтып берді.

23.09.2019 | ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ТАРИХЫНА ҚЫЗЫҚТЫ САЯХАТ

20 қыркүйек күні Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласының Политехникалық колледжді студенттері үшін «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісі өтті.

20.09.2019 | ТОКИО ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНДЕГІ ЖЫЛЫ КЕЗДЕСУ

Жапония астанасы Токиода Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз əлемге жол» ғылыми-экспозициялық жобасы жалғасуда. Бүгін Елбасы кітапханасының делегациясы Жапонияның ірі мәдени орталықтарының бірі Токио ұлттық музейінде болды. Сапар барысында Елбасы кітапханасының директоры Əмірхан Рахымжановтың Токио ұлттық музейінің директоры Масами Дзениямен кездесуі өтті. 

20.09.2019 | ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН АЗАТ ӘЛЕМДІ БІРГЕ ҚҰРАЙМЫЗ

«Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасының аясында бүгін Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов «Soka Gakkai International» ұйымының басшылығымен кездесті. Жер шарын бейбітшілік пен бақыттың мекеніне айналдыруды көздейтін ұйымның халықаралық қозғалысын қазіргі уақытта 100-ден астам мемлекеттің 12 миллион азаматы қолдап отыр.

20.09.2019 | ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ XVIII ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНДЕ БОЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XVIII хатшылығы отырысына қатысушылардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде болды. Мәртебелі қонақтардың арасында Қытай буддистер Қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Ши Чунвэн, Қытай буддистер Қауымдастығы халықаралық бөлім басшысының орынбасары Ван Ли, Қытайдың даоисттік Зерттеу институты басқармасы бастығының орынбасары Инь Минфан, будда храмының басшысы Хуань Джэньсянь бар.

19.09.2019 | ТОКИОДАҒЫ «ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОНИЯ: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМГЕ ЖОЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Бүгін, 19 қыркүйек күні, Токио қаласындағы БҰҰ Университетінде (Жапония) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» атты халықаралық конференция өтті. Конференция Н.Ә.Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолындағы қозғалысты дамытудағы қызметіне арналған.  

19.09.2019 | ТОКИОДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОНИЯ: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМГЕ ЖОЛ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін, 19 қыркүйек күні, Токио қаласындағы БҰҰ Университетінде (Жапония) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Қазақстан-Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» көшпелі ғылыми-экспозициялық жобасы аясында Елбасы кітапханасы қорларының көрмесі ашылды.

18.09.2019 | НАТАЛЬЯ СНЕГУР-ГЕРМАН: «БАТЫЛ БАСТАМАЛАРЫҢЫЗ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТЫП, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДАМУДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ОРНАТАДЫ»

Орталық Азиядағы БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Наталья Снегур-Герман Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейіне келді.   

17.09.2019 | ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН КӨШПЕЛІ ДӘРІС

13 қыркүйек күні ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердағұлова адамгершілік-этикалық тәрбие, рухани және эстетикалық мәдениет, патриоттық сезімді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі дәріс өткізді. Дәрісті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті аппаратының 150 қызметкері тыңдады. 

Беттер