Жаңалықтар мұрағаты 2019

11.10.2019 | ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «ЕЛДІҢ ҚОЛДАҒАНЫНА, ЖІГЕР БЕРГЕНІНЕ РИЗАМЫН!»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 11 қазан күні «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Бүкпесіз әңгіме барысында Елбасы өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі өмірі, жаңа жұмыс кестесі және елдің даму болашағы туралы сауалдарға ашық жауап беріп, еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктері, жаңа сайланған Президент туралы ойын айтты.

11.10.2019 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. МҰХТАР ӘУЕЗОВ

  Қазақ әдебиетінің ұлы классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына  биыл – 122 жыл. Мұхтар Әуезов 1897 жылғы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

09.10.2019 | ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУДІҢ НЫШАНЫ

9 қазан күні Елбасы кітапханасының музейінде Еуразия гуманитарлық институтының колледжі студенттерінің қатысуымен «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты дәріс өтті.

09.10.2019 | НҰР-СҰЛТАНДА «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

8 қазан күні Елбасы кітапханасының музейінде «Орталық Азия елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын дамыту» атты дөңгелек үстел өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл басқосуға Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің сарапшылары онлайн арқылы қатысып, өзара пікір алмасты.  

08.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖАҢА ЭКСКУРСИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

8 қазан күні Елбасы кітапханасының басшылығы мен Экскурсиялық қызмет ішкі туризммен айналысатын туристік компаниялардың экскурсия жетекшілері және гид-аудармашыларымен, сондай-ақ қала мектептері мен колледждері дирректорларының орынбасарларымен, сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырушыларымен дәстүрлі кездесу өткізді.

07.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат

04.10.2019 | АЛМАТЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

Ағымдағы жылдың 2-3 қазанында Алматы және Шымкент қалаларының жоғарғы сынып оқушылары Елбасы кітапханасында бас қосты. Елуге жуық қатысушы игі дәстүрге айналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингін тәмамдап, әсерлерімен әлеуметтік желіде белсенді бөлісіп жатыр.

04.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖАҢА ЭКСКУРСИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

8 қазан күні, 10-00 сағатта Елбасы кітапханасының басшылығы мен Экскурсиялық қызмет елорданың туристік саласын жоспарлау, дамыту және ілгерілету жөніндегі негізгі ұжым «Астана Конвеншн Бюро» өкілдерімен; ішкі туризммен айналысатын туристік компаниялардың экскурсия жетекшілері және гид-аудармашыларымен; қала мектептері мен колледждердің сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырушыларымен кездесу өткізеді.

04.10.2019 | КҮН ТӘРТІБІНДЕ: ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор, Ғылыми кеңес төрағасы Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты ашқан Әмірхан Мұратбекұлы күн тәртібіне сәйкес қаралатын мәселелерді жариялады. Елбасы кітапханасы директорының орынбасарлары К.Ақтаева мен Б.Қайыпова, жетекші ғылыми қызметкер Ә.Оспанова, ғылыми қызметкерлер Г.Атабаева, Қ.Өзенбаева баяндама жасады.

03.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ІІІ АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ДӘСТҮРЛІ ӘДЕБИЕТ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, 3 қазан күні, Елбасы кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІІ Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет сайысының

02.10.2019 | ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН «ІІІ АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӘДЕБИЕТ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

2019 жылғы 3 қазан күні, 15-00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында (Әлихан Бөкейхан көшесі, 1-үй) қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІІ Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Кітапхана әдеби сайысты 2017 жылдан бастап өткізіп келеді.

01.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА КҮНШЫҒЫС ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін, 2019 жылғы 1 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов елордаға ядролық қарусыз әлем тақырыбындағы халықаралық көрмемен келген Сока Гаккай Интернешнл (SGI) ұйымының вице-президенті Хироцугу Тэрасаки бастаған жапондық делегациямен кездесті.                           

Беттер