Жаңалықтар мұрағаты 2019

25.10.2019 | НАҚЫЛ СӨЗДЕР – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

23 қазан күні Елбасы кітапханасының музейінде елорадалық №48 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» атты сабақ өтті. Ықылым заманнан бері қазақ халқы тауып айтылған сөздің құдіретін жоғары бағалаған. Ата-бабамыздың өсиеттері даналық сөздер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер және т.б. түрінде бізге жеткен.

24.10.2019 | ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ КҮН. ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БОЛДЫ

23-24 қазан аралығында Елбасы кітапханасында «Болашаққа жол өзіңнен  басталады» атты оқыту семинары өтіп, оған Қарағанды ​​және Павлодар облыстары мектептерінің үздік оқушылары қатысты.

24.10.2019 | БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН САБАҚ

Елбасы кітапханасының музейінде «Жәдігерлер сөйлейді…» сабақтар топтамасының аясында «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» экскурсиялық сабағы өтті. Ерекше сабаққа №83 елордалық мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары қатысты. Сабақ қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын қамтитын «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы және даму стратегиясын белгілеу» экспозициясы орналасқан Мәжіліс залында өтті.  

23.10.2019 | КӨКШЕ ДАРЫНДАРЫ. «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

23 қазан күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде Көкшетау қ.  Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары қойылған «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге түрлі жанр мен техникада орындалған 50-ден астам жұмыс ұсынылды.

21.10.2019 | «ТУҒАН ӨЛКЕМ» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2019 жылғы 23 қазанда, сағат 10:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Бейбітшілік к-сі 11, музей ғимараты) «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Оның аясында келушілер Көкшетау қ.  Балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарын тамашалай алады.    

21.10.2019 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Елбасы кітапханасының музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның мәдени мұрасы әлеміне саяхат» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Елбасы кітапханасының, елордалық Білім басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобалық кеңсесінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының бірлескен жобасына арналған.

21.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҚОР-ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Ағымдағы жылда екінші рет Елбасы кітапханасы Қор-іріктеу комиссиясының (бұдан әрі – ҚІК) отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес музейлік қорға жаңадан келіп түскен жәдігерлерді есепке алу және ҚІК-ның құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

18.10.2019 | ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ, «NUR ОTАN» ПАРТИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕГІ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСҚАН КЕҢЕС ӨТТІ

Кеңесте «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспары» бағдарламасы қаралды.               

18.10.2019 | ЖАҢА ӘЛЕМГЕ САЯХАТ

Елбасы кітапханасының Мұражайында елордадағы № 38 мектеп-лицейі оқушыларының қатысуымен «Терең мағыналы ғұрыптық заттар – татулық белгісі ретінде» атты саяхат сабағы өтті. Сабақ негізгі әлемдік діндерге арналған экспозиция алдында өтті.             

17.10.2019 | «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» СЕМИНАР-ТЕРНИНГІ. ТЫҢ ИДЕЯЛАР, АРМАНДАР МЕН МАҚСАТТАР

2019 жылғы 16-17 қазан күндері Елбасы кітапханасының қызметкерлері Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары оқушыларының қатысуымен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингін өткізді.

16.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАП ТОПТАМАЛАРЫ. СИРЕК БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЖАҢА ТҮСІМДЕРІ

Ағымдағы жылдың басынан бастап Елбасы кітапханасының сирек, коллекциялық және көне баспа басылымдарының қоры жаңа кітаптармен толықты.            1843-1845 жылдармен белгіленген «Шығыс Басқарушылары мен Ақындары шығармаларының қолжазбасының» ғылыми-музейлік құндылығы - жоғары және түркі-мұсылман әлемінің бірегей жазба мәдениетіне жататындығында.

15.10.2019 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖОҒАРЫ ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

БАКУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары Орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап. «Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің мәжілісі кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемінің Жоғары орденімен марапатталды», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

15.10.2019 | ТАС ӘНДЕРІ, СИҚЫРЛЫ ШЫНАЙЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЕННЕДИДІҢ СИРЕК ФОТОСУРЕТТЕРІ. БҰЛ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНЕН ОҚЫҢЫЗДАР.

Гаджи Зейналабдин Тагиев ескерткішін салу бойынша байқаудың жеңімпаз жобасы анықталды Гаджи Зейналабдин Тагиев ескерткіші халық жазушысы Ханлар Ахмедовтің жобасы бойынша орнатылатын болды.

11.10.2019 | ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙДІ. ҚХР ӨКІЛДЕРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

Елбасы кітапханасының музейіне Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі,  ҚХР Мемлекеттік бақылау комиссиясының төрағасы Ян Сяоду бастаған делегация келді. Қонақтар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы резиденциясын тамашалап, онда орналасқан экспозиция залдары мен жәдігерлерімен танысты.

Беттер