Жаңалықтар мұрағаты 2019

08.11.2019 | «ПІШІН МЕН БЕЙНЕ ҮНДЕСТІГІ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

8 қарашада Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған көрмелер топтамасы «Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылуымен басталды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Жапония, Әзірбайжан, Чехия елшіліктерінің, сондай-ақ Корей мәдениет орталығының өкілдері, университет студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Көрмені ашқан Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов көрменің маңыздылығына тоқталды.

07.11.2019 | ЮИЧИРО МИКАМИ: «МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАПОНИЯҒА АШҚЫМ КЕЛЕДІ»

7 қарашада Елбасы кітапханасына  Жапониядан келген қонақ Юичиро Миками ат басын бұрды. Оны Қазақстанмен Алматыдағы оқыған жылдары мен отандастырымызбен бірлескен медициналық туризм саласындағы бизнес байланыстырады.  

07.11.2019 | ЖАСТАР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының V-VI шақырылымдарының депутаты Жабал Ерғалиевпен кездесу өтті.

07.11.2019 | ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

7 қараша күні сағат 15.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) журналист, публицист, жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасы Сенаты Парламентінің V-VI шақырылымдарының депутаты, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевпен кездесу өтеді.  

06.11.2019 | ДЖ.Ф. КЕННЕДИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ, Т. РУЗВЕЛЬТТІҢ МҰРАСЫ ЖӘНЕ СҮЙІКТІ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР. БҰЛ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНЕН ОҚЫҢЫЗДАР

1 қазан күні Поэзия, өнер және руханият Насими фестивалі аясында Баку қуыршақ театрында «ТЭФИ Достастық» сыйлығына ие болған «Терезенің арғы жағындағы жарық» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Фильм Гейдар Әлиев Қоры мен Баку медиа-орталығының қолдауымен түсірілді. Іс-шараға бас продюсер және идея авторы - Гейдар Әлиев Қорының вице-президенті Лейла Әлиева мен Арзу Әлиева қатысты. «Терезенің арғы жағындағы жарық» фильмінде жақсылық пен жамандықтың мәңгі күресі бейнеленген.

04.11.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КУБОГЫ ҮШІН ПІКІРТАЛАС ТУРНИРІ ӨТТІ

2 қарашада Елбасы кітапханасы, «Ақиқат» пікірсайыс клубы мен Нұр-Сұлтан қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен елордалық колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі  кубогы үшін пікірталас турнирі өтті. 

04.11.2019 | ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ТҮЛЕГЕН ТҮРКІСТАН

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев киелі Түркістанға бір кезде: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан. Ол – Қазақ елінің рухани жүрегі» деп биік баға берген болатын. Бұл пікір Түркістанның қайталанбас даралығын, онда тұлға, тарих және дін туралы іргелі түсініктердің бір нүктеге шоғырланып, тұғырлы мемлекеттігіміздің ұлы құбылысына айналғанын дәйектейді.  

01.11.2019 | ТАРИХЫМЫЗҒА ҮҢІЛУ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Елбасы кітапханасының музейінде елордалық менеджмент және бизнес колледжі студенттерінің қатысуымен ашық есік күні өтті. Іс-шара бірқатар қызықты да жан-жақты дәрісті қамтыды. «Лидерлік қасиетті дамыту» тренингі ойын түрінде өтіп, студенттерге көшбасшылық қасиеттері мен зияткерлік білім деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді.

31.10.2019 | СТУДЕНТТЕРГЕ СЕРПІЛІС БЕРГЕН СЕМИНАР

Елбасы кітапханасында өткен  екі күндік «Болашаққа жол өзіңнен  басталады» атты оқыту семинарына осы жолы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

30.10.2019 | «ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ» ЖОБАСЫ. НИКИТА АМОСКИН

Никита Амоскин – спорттық акробатикадан екі дүркін әлем чемпионы, 2018 жылы өткен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының «Спорт» номинациясы бойынша жеңімпазы. Бүгінде Никитаның түрлі республикалық және халықаралық жарыстардан 70-ке жуық медалі бар.

29.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН М.АҚМОЛЛА АТЫНДАҒЫ БАШҚҰРТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

23-24 қазан күндері Уфа қаласында (Башқұртстан Республикасы) IV Еуразиялық гуманитарлық форум өтті. Ол мақсаты ғылым, білім, мәдениет саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын жүзеге асыру және еуразиялық кеңістікте ағартушылық мұраларын сақтау мен дәріптеу болып табылатын ғылыми, ғылыми-білім беру және ағартушылық іс-шаралардың топтамасын құрады.

29.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЕСЕПТІК ОТЫРЫС ӨТТІ

Елбасы кітапханасы қызметтерінің жетекшілері басшылық пен әріптестеріне келесі жылға арналған жұмыс жоспарлары мен ұзақ мерзімді жобалары туралы ақпарат ұсынды. Елбасы кітапханасының директоры Ә.Рахымжанов мекеменің есептік кезеңдегі қызметіне жоғары баға берді, оның ішінде 2017 жылы бастау алған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының табысты жүзеге асырылуына барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қосқан үлесін ерекше атап өтті. 

28.10.2019 | МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Елордалық  № 2  мектеп-гимназияның оқушылары  Елбасы кітапханасында өткен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты сабаққа қатысты. Мұнда қатысушылар мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы және оның  қоғамның саяси өміріндегі маңызы мен рөлімен танысты.

Беттер