Жаңалықтар мұрағаты 2019

28.11.2019 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВОЛОНТЕР САҒАТЫ

28 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар аптасында елордадағы № 57 және №13 мектептерде әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметтері мен Елбасы кітапханасының волонтерлары волонтер сағатын ұйымдастырды.

28.11.2019 | «АСТАНАТАНУ» БАС ҚАЛАНЫҢ ТАРИХЫН ПАШ ЕТТІ

Тұңғыш Президент күніне Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шараларды дайындады. Осы орайда, «Астанатану» элективті курсының аясында №13 орта мектептің оқушыларына «Нұр-Сұлтан – тәуелсіз Қазақстанның нышаны» дәрісі жүргізілді.

27.11.2019 | ЕЛОРДАЛЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

26 қарашада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессоры Ғазиз Телебаев «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында дәріс жүргізді. Оны тыңдауға бас қала мектептерінің кітапханашылары келді.

27.11.2019 | КІШКЕНТАЙ ПАТРИОТТАРҒА АРНАЛҒАН ТАРИХИ САБАҚТАР

         2019 жылы 27 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндікке орай № 11 «Гаухар» балабақшасының тәрбиеленушілеріне  «Жәдігерлер сөйлейді...» топтамасынан «Менің шежірем – елімнің шежіресінің бөлшегі» көшпелі музей сабағы өтті.

27.11.2019 | ТЖК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНЕ ҚАТЫСТЫ

26 қарашада, Тұңғыш Президент күніне  орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-қоғамдық және білім беру жобалары қызметінің өкілдері «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өткізді.

27.11.2019 | «АСПАННАН ҮЛКЕН - 2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТТЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

2019 жылғы 16-17 қарашада Елбасы кітапханасының қолдауымен Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы мен Астана пікірсайысшылар альянсының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Аспаннан үлкен – 2019» республикалық дебаттық турнирі өтті.

27.11.2019 | «QAZAQSTAN» ОКЗ ТӨРІНДЕ «ТАРИХИ ТАҢДАУ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ МЕН ҚОРЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

27 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Тарихи таңдау» көрмесі ашылды. Елбасы кітапханасы музей жинағының архив материалдары мен бірегей жәдігерлері 1991 жылдың негізгі оқиғаларынан сыр шертеді. Олар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сайлау сәті мен мемлекет егемендігінің қалыптасу тарихын бейнелейді.

27.11.2019 | ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Елордадағы №68 мектепте «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: тарихи тұлғаның қалыптасу кезеңдері» атты дәріс сабағы өтті. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара оқушыларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы қызықты ақпараттарды білуге мүмкіндік тудырды. Әсіресе Елбасының мектеп кезіндегі суреттері, спорттағы жетістіктері туралы әңгімелері, әлемнің алғашқы ғарышкері Юрий Гагаринмен кездесуі және т.б үлкен қызығушылық тудырды.

27.11.2019 | «QAZAQSTAN» ОКЗ ТӨРІНДЕ «ТАРИХИ ТАҢДАУ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ МЕН ҚОРЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

27 қараша күні, сағат 16.00-да Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында «Qazaqstan» орталық концерт залында (Мәңгілік ел к-сі, 10/1) «Тарихи таңдау» көрмесі ашылады. Елбасы кітапханасы музей жинағының архив материалдары мен бірегей жәдігерлері 1991 жылдың негізгі оқиғаларынан сыр шертеді. Олар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сайлау сәті мен мемлекет егемендігінің қалыптасу тарихын бейнелейді.

26.11.2019 | «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ». ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖИНАҒЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған «Елбасы және мәдениет» көрмесінің тұсаукесері өтті. Тұңғыш Президент күніне орайластырылған көрмеге қазақстандық қоғам қайраткерлері, олардың ішінде Игорь Рогов, Қуаныш Сұлтанов, Дархан Мыңбай, Азат Перуашев және шетелдік елшілік өкілдері қатысты.

26.11.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КИНО АПТАЛЫҒЫНЫҢ АЯСЫНДА БЕЛГІЛІ АКТЕР НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында Елбасы кітапханасында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1) кино апталығының тұсауы кесілді. 200-ден астам оқушы мен студент жастар қатысқан іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты:

25.11.2019 | «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

26 қарашада, сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54) Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған «Елбасы және мәдениет» көрмесінің тұсаукесері өтеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылған көрме көп ұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын жаһандық деңгейде ілгерілетуде, мәдениетті қайта жаңғыртуда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін бейнелеуді көздейді.

25.11.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ КИНО АПТАЛЫҒЫНЫҢ АЯСЫНДА БЕЛГІЛІ АКТЕР НҰРЛАН ӘЛІМЖАНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

25 қарашада, сағ. 15.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндіктің аясында Елбасы кітапханасында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1) кино апталығының тұсауы кесіледі. Кино апталығының ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, тележүргізуші, композитор, «Жас тұлпар» және «Серпер» ҚР жастары одағы сыйлықтарының иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов қатысады.

Беттер