Жаңалықтар


14.05.2021 | «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

14 мамырда Елбасы кітапханасы мен еліміздегі М.В.Ломоносов атындағы ММУ филиалы «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы ММУ филиалының 20 жылдығына орайластырылды.

13.05.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «АЛАТАУ ЖАУҺАРЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

13 мамырда Елбасы кітапханасында суретші Анар Әбжанованың «Алатау жауһарлары» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл іс-шара Тұңғыш Президент күніне арналған көрмелер сериясының шымылдығын түрді. Сондай-ақ  Елбасы кітапханасының жинағында тұрған танымал авторлардың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында ұйымдастырылды.

12.05.2021 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

12 мамырда Елбасы кітапханасында Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен онлайн-кездесу өтті. Іс-шара көпшілікке арналған бағдарлама аясында «Адамға табын, жер, енді!» халықаралық көрме алаңында ұйымдастырылды.

06.05.2021 | БАТЫРЛЫҚ ИНСТИТУТТЫҢ ДӘСТҮРІ МЕН МӘРТЕБЕСІ

Елбасы кітапханасында №47 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Жәдігерлер сөйлейді...» циклы бойынша «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қаруландыру» тақырыбында  экскурсия-сабақ өткізілді.

06.05.2021 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. СЕРКЕ ҚОЖАМҚҰЛОВ

Осыдан 125 жыл бұрын  кәсіби қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі, актер  ҚазКСР  Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері – Серке (Серәлі) Қожамқұлов дүниеге келді.

05.05.2021 | ЕҚЫҰ-НЫҢ НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР КЕҢСЕСІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БОЛДЫ

 Бүгін ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалық кеңсесінің жаңа басшысы Фолкер Фробарт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында болды.  Мәртебелі мейман Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратындағы ауқымды экспозицияларымен танысып, алған әсерімен бөлісті.

05.05.2021 | «ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА АДАМ МЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ҮЙЛЕСІМДІ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ ҮШІН ДАЛАЛЫҚ АТҚА МІНУ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ» СҰХБАТ АЛАҢЫ

5 мамыр күні Елбасы кітапханасында «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

04.05.2021 | БАЙҚОҢЫР: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ

4 мамырда Елбасы кітапханасында көпшілік іс-шаралар бағдарламасы аясында «Адамға табын, жер, енді!» халықаралық көрме алаңында «Байқоңыр: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.

30.04.2021 | «ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік – басты құндылық» тақырыбында Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогы үшін онлайн пікірталас турнир өткізді.

30.04.2021 | ХАЛЫҚТЫ БІРЛІККЕ ШАҚЫРАТЫН «КӨРІСУ» ДӘСТҮРІ

Ұлы дала кеңістігінде ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер терең мағыналы. Олар елді бірлікке, тірлікке шақыратын, татулықты меңзейтін, жақсылыққа бағыт беретін, адамдардың жүрегіне тыныштық пен кешірімділік ұялататын әдет-ғұрып болып саналады.

Беттер