Басшылық

  • Директор

    ТЕМІРБОЛАТ БАҚЫТЖАН БЕРІКБАЙҰЛЫ

     1972 жылдың 10 желтоқсанында дүниеге келді.

     1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша үздік бітірді.

    Еңбек жолын сол жылы-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болып бастаған.

    2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен жұмысқа шақырту алды.

    2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының консультанты, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, бас инспекторы.

    2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы.

    2007-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.

    2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі.

    2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы.

    2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып тағайындалды. 

    2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директоры болып тағайындалды. 

    2010 жылы саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін дәлелдеу үшін «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси өкілдіктің мүддесі: эволюция және қазіргі заман (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында диссертация қорғады.

    «Қазақстан Республикасының Парламенті: қалыптасуы, реформалардағы рөлі, болашағы» басылымдарының, «Азия серпілісі», «Назарбаев моделі», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызмет хроникасы» көп томдық сериясының бірлескен авторы, сондай-ақ көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

    «Құрмет» (2009ж.), «Парасат» (2016ж.) ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

     

     

  • ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ

     

    БОТАГӨЗ МУТТАХИДЕНҚЫЗЫ ҚАЙЫПОВА

    Тарих ғылымдарының кандидаты.

    1971 жылдың 27 желтоқсанында Целиноград облысы Ерейментау қаласында туған.

    1995 жылы Ақмола мемлекеттік педагогикалық университетін «Тарих және әлеуметтік педагогика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1989 жылы Ерейментау ауданында Еңбек сегіз жылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    1995–1999 жылдары – Ақмола педагогикалық университеті аспирантурасының күндізгі бөлімінде білім алады.

    1999–2002 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Археология және этнология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, Тарих және халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары.

    2002–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, «Саяси технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.

    2004–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, бас инспекторы, сектор меңгерушісі.

    2008–2016 жылдары – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.

    2017 жылғы қаңтардан мамырға дейін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мемлекеттік мекемесі Ұйымдастырушылық жұмыс қызметінің басшысы.

    2017 жылғы 15 мамырда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып тағайындалды.

    100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

    «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдармен, Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталған.


    ЖӨКЕНОВ ДУЛАТ АМАНТАЙҰЛЫ

    Менеджмент магистрі

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі

    1975 жылы 9 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

    1997 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

    2011 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп, «Менеджмент магистрі» дәрежесі берілген.

    Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қалалық жұмыспен қамту орталығында АБЖ және информатика бойынша бас маман болып бастаған.

    1997 жылдың қарашасынан 1998 жылдың желтоқсанына дейін ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етіп, запастағы лейтенант атағы берілген.

    1999 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың тамыз айына дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінде жұмыс істеген.

    2002 жылғы қыркүйектен 2004 жылғы мамырға дейін «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМҚК Ақпараттық технологиялар бөлімінде қызмет атқарған.

    2004 жылғы мамырдан 2006 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ахуалдық орталығында жұмыс істеген. 2006 жылғы мамырдан 2006 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық бөлімінде қызмет атқарған.

    2006 жылғы тамыздан 2007 жылғы қазанға дейін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеген (Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы).

    2007 жылдың қазанынан 2008 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің бас сарапшысы.

    2008 жылғы наурыздан 2009 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің ақпараттандыру және Мемлекеттік құпияларды қорғау секторының меңгерушісі.

    2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың маусымына дейін Мәскеу қаласындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (күндізгі оқу) магистранты.

    2011 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ Вице-президенті.

    2012 жылғы сәуірден 2013 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары.

    2014 жылғы сәуірден 2014 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жаңғырту және ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы.

    2014 жылдың қазанынан 2016 жылдың желтоқсанына дейін «ЛидерКом» ЖШС техникалық директоры.

    2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы тамызға дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақпараттық технологияларды дамыту департаментінің директоры.

    2020 жылдың шілдесінен 2020 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаменті директорының орынбасары.

    2020 жылғы тамыздан 2020 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің цифрландыру департаментінің директоры.

    2021 жылғы 5 ақпанда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып тағайындалды.

     


     

    ШАЙМЕРГЕНОВ ТИМУР ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

    Шаймергенов Т.Т. 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. 2004 жылы Алматы қаласындағы Халықаралық мамандықтар институтын аяқтап, 2009 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында саяси ғылымдар кандидатының ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

    2009-2018 жылдары Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Пенсильвания, Колумбия университеттерінде жетекші құрамға арналған оқу бағдарламасынан өтті. Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік, стратегиялық менеджмент пен тәуекелдерді басқару саласында біліктілігін шыңдады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

    Еңбек жолын 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастады.

    2005-2006 жж. – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер болды.

    2006-2010 жж. – ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы орынбасарының көмекшісі.

    2010-2011 жж. – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі секторында сараптамалық бөлім кеңесшісі.

    2011-2014 жж. – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығының сектор басшысы.

    2014-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары.

    2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш вице-министрі.

    2019-2020 жж. – Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпараттар комитеті төрағасы.

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары лауазымына тағайындалмас бұрын Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып қызмет етті.

    «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Дипломатиялық қызметіне 25 жыл», «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.