Әлемдік дайджест

30.07.2020 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ШІЛДЕ, 2020 ЖЫЛ)

«Ақ пен қара арасында». Беларусияның бейбіт 75 жылы Юрий Ивановтың көзімен  Жыл сайын шілде айының басында Беларусь халықтың бірлігін, елдің егемендігін, Беларусиядағы бейбіт және тұрақты өмірді айшықтайтын мереке – Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтеді.  Мереке қарсаңында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойлық датасына орай 2020 жылдың 1 шілдесінде Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасында «Ақ пен қара арасында» фотокөрмесінің тұсаукесері өтті.

10.07.2020 | БАКУ ХАНДАРЫНЫҢ САРАЙЫ, ПРЕЗИДЕНТТІК ФЕРМА ЖӘНЕ БАЛЫҚШЫ МЕН БАЛЫҚ ЕРТЕГІСІ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ДАЙДЖЕСІ

ИЧЕРИШЕХЕРДІҢ ЖАҢА ТЫНЫСЫ Әзірбайжандағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген «Ичеришехер» тарихи сәулет қорығы Мехрибан Әлиеваның бастамасы мен Гейдар Әлиев қорының қолдауымен жаңартылып жатыр. Өңдеу жұмыстарының барысымен Президент Ильхам Әлиев пен жұбайы Мехрибан Әлиева  танысып қайтты.

08.06.2020 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (МАМЫР, 2020 ЖЫЛ)

Гейдар Әлиев қоры жыл сайынғы дәстүрін жалғастырып, Жеңіс күнін Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен қарсы алды. Жеңістің 75 жылдығын атап өту салтанаты пандемия тұсында бекітілген шарттарға сәйкес ұйымдастырылмайтындықтан, қор қызметкерлері ардагерлерді жаңа форматта құттықтады.

12.05.2020 | COVID-19 ІНДЕТІНЕ ҚАРСЫ ЖОБА, ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ ТОПТАМА, БҰРЫНҒЫ АҚШ ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСҚАН КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ДАЙДЖЕСІ (СӘУІР, 2020 ЖЫЛ)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Гейдар Әлиев қорының, Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттіктің, Медициналық-аумақтық бірліктерді басқару қауымдастығының және Әзірбайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен REACT-C19 жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – Әзірбайжанның ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеудің негізгі дағдыларын жедел дамыту.  

10.04.2020 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (НАУРЫЗ, 2020 ЖЫЛ)

ГЕЙДАР ӘЛИЕВ ҚОРЫ ӘЗЕРБАЙЖАНҒА ТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТКІЗДІ Гейдар Әлиев қоры Әзербайжан Министрлер кабинеті жанынан құрылған Жедел штабтың коронавирус індетімен күресудегі жұмысын қолдау үшін түрлі елдердің медициналық құралдарын жеткізді. Арнайы медициналық маскалар, қолғаптар, көзілдіріктер, медициналық киімдер мен дезинфекциялық құралдар тиісті медициналық мекемелерге тапсырылды.

10.03.2020 | ҚАРИЯ СУРЕТШІ Н.ЛОКОТКОВТЫҢ ЖҰМБАҒЫН, Д.МЕНДЕЛЕЕВТІҢ «ТЫЛСЫМ ОЙЛАРЫ» МЕН Н.МАНДЕЛАНЫҢ ОҚИҒАСЫН ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАЙДЖЕСІ БАЯНДАЙДЫ

Алла Гербер: «Геноцид адамзаттың есіне де тараған» Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күніне орай, «Естелік апталығы» аясында 30 қаңтарда Ельцин орталығында ресейлік тақуаларға арналған «Құтқарушылар» мультимедиялық көрмесі ашылды. Іс-шараны жазушы, публицист, қоғам қайраткері, «Холокост» қорының президенті Алла Гербер ашты.

10.02.2020 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ҚАҢТАР, 2020 ЖЫЛ)

Nike Обама орталығының спорттық кешенін салуға 5 миллион доллар бөледі Әлемге әйгілі «Nike» спорттық киім бренді Обама қорына жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Чикаго қаласындағы Обама президенттік орталығының заман үлгісіне сай спорт алаңын салуға 5 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр.

09.01.2020 | 1962 ЖЫЛҒЫ ФОТОСУРЕТТЕРДЕГІ РОЖДЕСТВО, ПОЙЫЗДАР КӨРМЕСІ ЖӘНЕ ОРЫС ТЕАТРЫ ТУРАЛЫ СИРЕК МАТЕРИАЛДАР ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНДЕ

30 желтоқсанда Әзірбайжан Республикасының бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева, қыздары Лейла Әлиева және Арзу Әлиевамен бірге Баку қаласы Нариманов ауданында «Бірлік пен саулық» қоғамдық бірлестігі жанындағы Балаларды Аутизм синдромынан оңалту орталығында болды. Мехрибан Әлиева 31 желтоқсан - Әзірбайжан халқының дүниежүзілік бірлігі күні  мен Жаңа жыл мерекесін Гейдар Әлиев қорының қолдауымен тұрғзылған Аутизм синдромы бар балаларды оңалту орталығында атап өтті.

12.12.2019 | «ЭЙЗЕНХАУЭР МҰРАСЫ» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КЕШКІ АСЫ, РОБОФУТБОЛ ЖӘНЕ ШАГАЛДЫҢ ГРАФИКАСЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНДЕ

ИНДОНЕЗИЯ ЖАСТАРЫ ОБАМА ҚОРЫ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫНА ҚАТЫСАДЫ Индонезияның 18 өкілі жүздеген қатарластармен бірге Куала Лумпурде желтоқсан айында өтетін Обама қоры көшбасшыларының форумына қатысады. Халықаралық форумға 33 мемлекеттен қатысатын 200 шақты адам білім беру, экология, байланыс, кәсіпкерлік саласындағы жұмыстарын ұсынбақ.

Беттер