Ғылыми кеңес
Ғылыми кеңес - ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдамалық қызмет мәселелерін қарастыратын Елбасы кітапханасы директорының жанындағы алқалық кеңестік орган.
Ғылыми кеңестің негізгі мақсаттары:
- Елбасы кітапханасының ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік және сараптамалық-талдамалық қызметін жетілдіру;
- Қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың теориялық әзірлемелерін, саяси дағдылық тәжірибесін, көшбасшылық феноменін мақсатты зерделеу мен ұғыну бойынша ғылыми зерттеулерді кешенді дамыту, сондай-ақ, еліміз бен шет елдерде Тұңғшы Президенттің жасампаздық-шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ғылыми-талдамалық, ақпараттық-имидждік ілгерілету;
- Елбасы кітапханасы қызметтері жұмыстарының қорытындыларын одан әрі ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік және сараптамалық-талдамалық қызметке енгізу арқылы тиімді пайдалану.