ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (2016 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗ)

 

ЕЛЬЦИН ОРТАЛЫҒЫНДА АҚМОЛА ЛАГЕРІНДЕ ТҰТҚЫНДА БОЛҒАН БАЛАЛАР ТУРАЛЫ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛДІ

4 наурызда Екатеринбург қаласындағы Ельцин орталығында сталиндік қудалау кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың балаларының тағдыры туралы «Дольше жизни» атты деректі фильмі көрсетілді. Бұл картинаға «Сталкер» кинофестивалінің Бас жүлдесі берілген болатын.

Аталған фильмде Ақмола лагерінде – атақты АЛЖИР-де тұтқында отырған әйелдердің балалары туралы айтылады. Қамауда болған балалар да аналарымен бірге сұм лагерь ауыртпалықтарын бастан кешкен. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туған балаларынан қол үзген, кейін осы балалар ғұмыр бойы аналарын, әкелерін іздейді. Сол сияқты Шыңғыс Айтматов айтуға болады. Оның тағдыры туралы да фильмде айтылған.  

Қазақстан қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген халықтар – шешендер, немістер, татарлар, эстондар, поляктар мен орыстарды қабылдады. Сондай-ақ фильмде тағдырлары ұқсас әртүрлі ұлт өкілдері – белорустар, орыстар, қазақтар мен еврейлердің қаһармандары туралы да баяндалады. Олардың күш-жігерімен сталиндік қуғын-сүргін құрбандары туралы естеліктер мәңгі сақталған. (www.yeltsin.ru)

 

 

Б.Н. ЕЛЬЦИН АТЫНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ: ЖАҢАДАН ТҮСКЕН БАСЫЛЫМДАР

 Б.Н. Ельцин атындағы президент кітапханасының «Отандық мерзімді басылымдар» коллекциясы «Труды Оренбургской учёной архивной комиссии», «Темы жизни» және «Экономика и статистика Карелии» журналдарымен толықты. Аталған басылымдарды Мемлекеттік көпшілік тарих кітапханасы және Карелия Республикасының Ұлттық кітапханасы берді.

«Темы жизни» апталық басылымы 1906-1907 жылдары Санкт-Петербург қаласында шығып тұрған. Басылымның 19 нөмірі ғана жарық көрген. Журналдың әр шығарылымы қоғамдық-саяси мәселелерге бойынша жекелеген брошюра түрінде болған. Журналда мақалалары шыққан авторлар қатарында А.В. Луначарский, П.П. Маслов, М.И. Боголепов, А.Е. Ельницкий, П.П. Румянцев және басқалары бар.  

«Труды Оренбургской ученой архивной комиссии» атты басылымы 1889 жылдан 1917 жылға дейін (белгілі бір мерзімде емес) Орынбор және Уфа қалаларында шығып тұрған. Барлығы 35 шығарылымы басылып шыққан. Бұл басылымда негізінен Орынбор өлкесінің тарихына қатысты деректер, этнографиялық, археологиялық материалдар жазылған. Атап айтқанда, мұрағат комиссиясы қызметі туралы хаттамалары мен есептері; Орынбор өлкесін басқару және құрылымдау туралы үкімет жарлықтары; Шығысқа қатысты Ресей саясатын құру мен жүзеге асырудағы Орынбор өлкесінің рөлі, сол сияқты Ресей, Қазақстан мен Орталық Азия халықтары шаруашылық және мәдени өзара түсіністігінің даму туралы зерттеулер; өлке аумағындағы археологиялық зерттеу материалдары жарық көріп тұрған.

Президент кітапханасының «Мерзімді басылымдар» коллекциясын жаңа басылымдармен толтыру жұмысы жалғаса береді. (http://www.prlib.ru)

 

 

ВЕНГРИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ЗАЙЫБЫНЫҢ ГЕЙДАР АЛИЕВ ОРТАЛЫҒЫНА БАРУЫ  

 6 наурызда Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның зайыбы -  Анико Леваи Гейдар Алиев орталығына барды.

Гейдар Алиев орталығының директоры Анар Алакбаров Орталық қызметі туралы мәртебі мейманға айтып берді. Орталық жұмысы әзірбайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиевтің саяси мұрасын тану мен зерттеуге, сондай-ақ Әзірбайжан елінің тарихы мен мәдениетін ілгерілетуге  бағытталғаны аталып өтті.  

Венгрия Премьер-министрінің зайыбы Гейдар Алиев Қорының Будапештегі Ласло Баттиани атындағы Рим католиктік орталығында нашар көретін балалар үшін жатақхана мен оқу корпусы құрылысын жүргізген жобасын жоғары бағалады. Мәртебелі мейман аталған жоба аясында зағип балаларды оңалту курсы үшін тиісті жағдайлар жасаған Гейдар Алиев Қорына зор ризашылығын білдірді.  

Бұдан кейін Анико Леваи Орталық пен Әзірбайжан автомобиль федерациясының бірлескен жобасы классикалық автомобильдер көрмесімен танысты. Көрмеге темір тұлпарлардың алғаш пайда бола бастаған кезеңі – XIX ғасырдың аяғында Алмания, АҚШ, Италия, Франция, Ұлыбритания мен КСРО жасап шығарған автомобильдер қойылған. Сондай-ақ Венгрия Премьер-министрінің зайыбы назарына Гейдар Алиевтің Әзірбайжан елін басқарған кезінде қызметтік пайдалануға болған автокөліктер де таныстырылды.  (www.1news.az)

 

 

БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫ «БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ МАНСАП» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

 Беларусь Республикасының Президенті кітапханасы 2016 жылдың 11-13 ақпанында Миниск қаласында өткен «Білім беру және мансап» 14 халықаралық мамандандырылған көрме жұмысына қатысты. Дәстүрге айналған көрменің тұрақты қатысушылары – Белорусь Республикасының ЖОО-лары, колледждері, лицейлері, алыс және жақын шет елдердің білім беру жүйесі өкілдері, ЖОО-дан кейінгі және қосымша білім беру институттары, білім беру орталықтары, тіл үйрету курстары.

Президент кітапханасы көрмеге қатысушылар назарына кәсіби бағдар беру бойынша мынадай басылымдарды: тестер, оқушылардың кәсіби бағдар алуын өздігінен ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, арнайы курстар бағдарламалары, тренингтік сабақ үлгілері, сынып сағаты сценарийлері,  сыныптан тыс іс-шаралар, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдермен жүргізілетін әңгімелер бойынша нұсқаулықтар, сондай-ақ кәсіби бағдар беру және талантты оқушыларды анықтау мақсатында тұлға психодиагностикасы әдістемесін ұсынды.

Білім беру саласының мамандары үшін монографиялар, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары және Белорусь Республикасында білім беру жүйесін тұрақты дамытуға мәселелері жөніндегі зерттеулер ұсынылды. (www.preslib.org.by)

 

 

ГАРРИ ТРУМЭН КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ «ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЛАРЫ – 2016» КӨРМЕСІ  

 2016 жылдың 4 наурызынан 31 желтоқсаны аралығында Гарри Трумэн кітапханасында президент сайлаулары және Билль енгізген заңдардың 225 жылдығына арналған көрме өтуде. Бұл көрме конституциялық құқықтарды жетілдіру арқылы Америка Үкіметінің эволюциялық дамуы және одан әрі даму үшін президент сайлауын өткізуге итермелеген факторлар туралы баяндайды.

Көрменің ерекшелігі - Гарри Трумэн кітапханасынан, Ұлттық мұрағаттан және басқа институттардан алынған бірегей материалдарда.  Көрменің интерактивті мазмұны да бар. Сол арқылы көрермендер де іс-шараларға қатыса алады. Сондай-ақ президент сайлауындағы жарнамалық компаниялар туралы клиптер, Президент лауазымына үміткерлер арасындағы пікірталастардың алғашқы телевизиялық нұсқалары және өзге бейнематериалдар көрсетіледі. (http://www.trumanlibrary.org/exhibits.htm)

 

 

ДЖОРДЖ БУШ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «АМЕРИКА ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТАРЫ» ЖОБАСЫ

 Биыл Америка Ұлттық саябақтарына 100 жыл толады. Бұл саябақтардың қалыптасу және даму тарихында мерекелік көрмелердің алатын орны ерекше.

Д. Буш атындағы кітапхананың бастамасымен қолға алынған жоба аясында 2011 жылдан 2015 жылдар аралығында 59 ұлттық саябақта өткен мерекелік іс-шаралардың фотошежіресі жинақталған.   

«Америка Ұлттық саябақтары» жобасының фотокөрмесі 2015 жылдың 30 қарашасынан 2016 жылдың 21 наурызы аралығында Америка тарихының «Ансари» галереясында өтіп жатыр.

Көрмеге негізінен америкалық фотограф Марк Бернстің классикалық қара-ақ түсті фотосуреттері қойылған. Көрме экспонаттарының бір бөлігін жас суретшілер мен фотографтар дайындаған. (http://bush41.org/exhibit/32)