ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (2016 ЖЫЛҒЫ (сәуір-маусым)

АҚШ президенттінің кітапханасы Чикаго қаласында бой көтереді

Барак Обаманың кітапханасы Чикаго университетінің аумағында ашылмақ. Рухани орданы орналастыруға Нью-Йорктегі Колумбия университеті және Гонолулу қаласындағы Гавай университеті де үміткер ретінде қарастырылған. Алғашқысында Барак Обама заң факультетінде білім алса, екіншісі оның туған жерінде жайғасқан. Таңдауды АҚШ-тың 44-ші президенті өзі жасаған.

Барак Обаманың өмірі Чикагомен тығыз байланысты. Аталған қалада оның қоғамдық қызметі басталды. Сонымен қатар Чикаго университетінде  құқықтанудан дәріс оқыған.

Бүгінде президенттік кітапханалар жүйесінде 13 мекеме бар. Бұған дейінгі АҚШ президенті кіші Джорд Буштың кітапханасы Далласта ашылды.  http://www.bbc.com/russian/rolling_news/2015/05/150430_rn_chicago_obama_library

 

Гейдар Алиев орталығының қолдауымен «Анталья Экспо-2016» көрмесінде әзірбайжан павильоны ашылды

Ұлттық павильон шамамен екі мың шаршы аумақты қамтыған. Онда Әзербайжанның әсем табиғатымен сырттай танысуға мүмкіндік бар.  Қолөнер туындылары да көрмеден сырт қалмады. Келушілер үшін кілем тоқудың тарихы және оның қыр-сыры баяндалады. Әзербайжан кілем мұражайының жәдігерлері, танымал суретшілердің жұмыстары да павильонға қойылған. Көптеген өсімдіктер мен ағаштардан, тазаланған қабықтан, жемістер мен жапырақтардан алынатын бояулардың түр-түрін тамашалауға болады.

Халықаралық көрме Анталья қаласында ұйымдастырылған.  Түркия оны бірінші рет өткізуде. Онда 53 мемлекет өздерінің бірегей биоәртүрліліктерін паш етіп, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен таныстырды.

Халықаралық ботаникалық көрменің тақырыбы – «Гүлдер мен балалар». Ұйымдастырушылар «Болашақты жасыл желекке бөле» ұстанымын дәріптеуге талпынды.

«Анталья Экспо 2016» биылғы 30 қазанға дейін жалғасады. Оның аясында халықаралық конгрестер, басқосулар өткізу жоспарланған.

http://www.heydaraliyevcenter.az/#5_News_204

 

Барлық Ресейді электрондық ұлттық кітапхана біріктіреді

2016 жылдың соңында РФ барлық 85 субъектісін Президенттік кітапхананың аймақтық желісі байланыстырады. Бүгінде басты рухани орданың қорына қолжетімділіктің 230 орталығы 79 өңірде қызмет етеді.

Кітапхананың қоры жыл сайын толығады. Қазіргі таңда оқырмандар үшін 450 мыңнан астам құжаттар мен деректер қолжетімді саналады. Енді электрондық қорлардың көлемін 50 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр. 2020 жылға қарай қорға сақтауға ұсынылған құжаттардың саны 1 млн дейін артады деп күтілуде. Сондықтан рухани орданың ашықтығын қамтамасыз етіп, келушілердің санын ұлғайту қарастырылған.

Президенттік кітапханада 150 тақырыптық топтама ұсынылған. Олардың барлығы мемлекеттің тарихын арқау етеді.

http://www.prlib.ru/events/Pages/Item.aspx?itemid=1722

 

Әлемдегі ең әдемі кітапхана анықталды

Library Interior Design Awards халықаралық байқауының қорытындысы жарияланды. Дизайн аталымы бойынша польшалық Румя қаласының негізгі кітапханасы жеңіске жетті. Олардың ұсынған «Мәдениет стансасы» жобасы канадалық, америкалық және қытайлық әріптестерінің еңбегіне қарағанда жоғары бағаға ие болды. Польшалықтар 2014 жылы кітапханалардың инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыс атқарған.

Жеңімпазды қазылар алқасы анықтады. Оның қатарына Америкалық кітапханалар қауымдастығының және Интерьер дизайнерлерінің халықаралық қауымдастығы өкілдері кірген.

Кітапханалардың әлемдік деңгейдегі байқауы жылына екі рет өткізіледі. Үміткерлердің дизайнын сараптау барысында жаңашылдыққа, кеңселердің функционалдығына баса назар аударылады.

Марапаттар кітапханалардың қызмет бағыттарына байланысты әр түрлі аталымдар бойынша беріледі.

http://www.preslib.org.by/events/samaya-krasivaya-biblioteka-v-mire

 

Мұражай түніне келушілер саны рекордтық көрсеткішті бағындырды

Ельцин орталығындағы «Мұражай түні» акциясына 7 мыңнан астам мейман қатысты. Бұл мекеменің жарты жылдық жұмысы үшін рекордтық көрсеткіш саналады. 2015 жылдың соңында ашылған Орталық алғаш рет халықаралық акцияға қатысып отыр. Шара нәтижесінде жергілікті тұрғындардың рухани ордаларға қызығушылығы жоғары екендігі анықталды.

Бағдарлама аясында ерекше экскурсиялар, ойындар, шеберлік сыныптары, концерттер, шығармашылық кездесулер мен кино көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Ельцин орталығына кіруге ниет білдіргендердің қатары түнгі 2-ге дейін толастамаған.

http://yeltsin.ru/news/noch-muzeev-rekord-elcin-centra-sem-tysyach-gostey/

 

Д. Буш қатерлік ісікке шалдыққандарға қолдау көрсетуде

Джордж Буш президенттік кітапханасы мен мұражайы ғасыр індеті қатерлі ісікке қарсы күрес жұмыстарына атсалысуда. 61 жыл бұрын Үлкен Д. Буштың 4 жастағы қызы қатерлі ісік ауруынан көз жұмды. Содан бері ол бұл қауіпті кеселмен күресуге белсенді түрде атсалысуда. АҚШ-тың бұрынғы президенті жұбайымен бірге індетке шалдыққандарға қолдау көрсетеді.

1998 жылы олар Қатерлі ісік мәселелері жөніндегі Ұлттық диалогқа айналған C-Change  құруға қолғабыс етті. Олар он жыл бойы бірегей коммерциялық емес ұйымға төрағалық етіп, оның жұмысының басы-қасында болған.

Бұл бағытта «Қатерлі ісікті түбірімен жою: біздің міндетіміз» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

http://bush41.org/exhibit/4