Жаңалықтар

11.03.2020 | МӘСКЕУДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «Н.НАЗАРБАЕВ – ЕУРАЗИЯ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ СӘУЛЕТШІСІ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

Бүгін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев – еуразия интеграциясының сәулетшісі» көшпелі көрмесі ашылды. Оқиға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей астанасына жұмыс сапары аясында өтті.

11.03.2020 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы Кездесуде Елбасы Ресей барлық сала бойынша Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Әңгіме барысында тараптар ЕАЭО аясындағы серіктестік мәселелерін талқылады.

06.03.2020 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ДМИТРИЙ МЕДВЕДЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесуде Елбасы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

06.03.2020 | ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» КӨРМЕСІ

Елбасы кітапханасында келушілер назарына Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» жаңа көрмесі ұсынылды. Көрме жәдігерлері еліміздің саяси жүйесіндегі Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) рөлі мен орнын  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы мен саяси рөлі арқылы паш етуге арналған.

05.03.2020 | ОҚУШЫЛАР ОҚУ КУРСЫН ТАМАМДАДЫ

«Болашақта Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды мен де ел басқарғым келеді»,- дейді жер жәннаты – Жетісудан келген оқушы. Елбасы кітапханасының екі күндік «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингінің осы жолғы қатысушыларының арманы асқақ, мақсаты биік. Елорда төріндегі Назарбаев орталығына еліміздің Алматы мен Ақмола облыстарының ең үздік оқушылары келіп, екі күндік оқу курсына қатысты.

03.03.2020 | «ЖИЫРМА МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚҰПИЯСЫ: ІЗДЕНІСТЕР МЕН АШЫЛЫМДАР» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Елбасы кітапханасында Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Тұран» университетінің ректоры, профессор  Рахман Алшанұлы кітабының тұсауын кесті. «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты еңбектің беттерінде жерді апаттық жағдайға ұшыратқан метеоридтердің жойқын соққысы мен олардың әсерін анықтаған шетелдік ғалымдар мен мамандардың көпжылдық зерттеу жұмыстары келтірілген.

03.03.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЕЛІМІЗДІҢ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында еліміздің мектеп директорлары ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жалпы орта білім беру саласын жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі көшбасшылық және басқару» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Бағдарламаның мақсаты – білім беру тәжірибесіндегі үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер негізінде Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының басшыларын кәсіптік деңгейде дамыту. 

28.02.2020 | АСХАТ СӘДУОВ: «БЕЛСЕНДІ ҚАЛАЛЫҚ ӘРҚАШАН СҮЙІКТІ ШАҺАРЫН КӨРКЕЙТКІСІ КЕЛЕДІ»

Елбасы кітапханасында өткен «Болашаққа бастар жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренинг аясында Satbayev University мен SILKWAY халықаралық университетінің студенттері сәулетші, «Урбанистика орталығының» басшысы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Асхат Сәдуовпен кездесті. А.Сәдуовтің кәсіби жетістіктеріне бірқатар азаматтық және өнеркәсіптік жобалар, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі жобасына қатысу (тақырыптық павильондар мен қоғамдық кеңістікті толтыру), Нұр-Сұлтан қаласындағы жаяу жүрушілерге арналған танымал «Атырау көпірі» жобасы кіреді.

27.02.2020 | ҚОС ҚАЛАНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ КЕЗДЕСТІ

Бүгін еліміздің екі ірі мегаполисінен келген студенттер «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингін сәтті тәмамдады. Елбасы кітапханасы ұйымдастырған екі күндік оқу курсына Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің және Шымкент шаһарындағы Silkway Халықаралық университетінің студенттері қатысты. Оқу бағдарламасы барысында Елбасы кітапханасының қызметкерлері қатысушыларға тағлымды дәрістер өткізіп, тәжірибелік сабақтар жүргізді.

26.02.2020 | БІЗ БІЛЕТІН ЕЛБАСЫ: АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

Жалғасы.Басы: presidentlibrary.kz Елбасының өмірбаяны мен еңбек жолына қатысты таңдамалы әңгімелердің жинағын таныстыруда Тұңғыш Президенттің ұстазы, соғыс және еңбек ардагері Сейітхан Исаевтың естелігіне тоқталған болатынбыз. «Біз білетін Елбасы» үштомдығына арналған шығарылымның кезекті тақырыбы Н.Ә. Назарбаевтың бала күнінде бірге оқыған сыныптастарының естеліктерін қамтиды.

Беттер