Жаңалықтар

01.06.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ – БАЛАЛАРҒА

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл ең көне халықаралық мерекелердің бірі болғандықтан, 1950 жылдан бастап бүкіл әлемде атап өтіледі. Бұл мерекені өткізу туралы шешім 1949 жылдың қарашасында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Елбасы кітапханасы өзінің мәдени-білім беру қызметі аясында өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мен дамытуға, мектепке дейінгі және кішкентай оқушылармен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі.

30.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «БОЛАШАҚ ҮШІН ЕСТЕЛІК» ВИРТУАЛДЫ ҚОР БЕЙНЕКӨРМЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақ үшін естелік» атты виртуалды қор бейне көрмесін ұсынады. Көрме алғаш рет бейне форматта дайындалды. Елбасының жеке мұрағатынан алынған фото-, бейне хрониканың құжаттары мен материалдары шынайы фактілерді қалпына келтіруге және кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбандары туралы тарихи естелікті сақтауға бағытталған, сондай-ақ кітаптардың тақырыптық жинақтары тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясатының жетістіктері туралы баяндайды.

29.05.2020 | «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ

29 мамырда Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық және білім беру жобалар қызметінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы Менеджмент және бизнес колледжінің 70 студенті және тарих пен қоғамдық пәндер оқытушыларына «Ұлы даланың жеті қыры» вебинарын өткізді.

29.05.2020 | «Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БАСЫМДЫЛЫҚТАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

29 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырған, «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

28.05.2020 | ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ. ҚАНАТ НҰРТАЗИН

«Қиялсыз өнер де, ғылым да болмайды», - дейді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірі Қанат Нұртазин. Ол қазіргі уақытта Назарбаев университетінде жұмыс істейді, онда университеттің Дайындық мектебінің маркетингіне жауап береді. Негізгі жұмысымен қатар Қанат шығармашылықпен де айналысады. Ол «Сурет салудың 100 әдісі» жобасының авторы. Nickelodeon халықаралық балалар телеарнасы және Disney телекомпаниясымен ынтымақтастық та 28 жастағы суретшінің жетістігі саналады.

27.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ОНЛАЙН ОҚЫТУ ЖҮРГІЗЕДІ

Мектеп оқушылары, колледж бен жоғарғы оқу орындарының студенттері, педагогтар мен мемлекеттік қызметкерлер қатысатын Елбасы кітапханасының апта сайынғы семинар-тренингі  онлайн үлгіге көшті.

26.05.2020 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. БАҚТЫОРАЗ БЕЙСЕКБАЕВ

Елбасы кітапханасы осыдан Ұлы Отан соғысы жылдары Жеңісті жақындатып қана қоймай, жанкешті ерлік жасап, болашақ ұрпақ үшін өмірін қиған қазақстандық батырларды еске алуды жалғастырады. Сондай ержүрек жауынгерлердің бірі  - 21 жасында Отан үшін жанын қиған қаһарман батыр, туғанына биыл 100 жыл толған Бақтыораз Бейсекбаевтың (1920-1941 жж.) есімі күні кешеге дейін беймәлім болған еді.

24.05.2020 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мейрам исламның ең басты рухани құндылықтары – жақсылықты, кең пейілділік пен мейірімділікті дәріптейді.

21.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БІРЕГЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫРАТЫН ЭКСКУРСИЯНЫ ЕНДІ ҚАШЫҚТАН ТАМАШАЛАУҒА БОЛАДЫ. КӨРМЕЛЕР, ТОПТАМАЛАР, БІРЕГЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕР

Елбасы кітапханасы карантин тәртібіне сәйкес келушілерін қабылдай алмаса да жұмыстың жаңа үлгісі мен жұртшылықпен байланыстың жаңа түрлерін енгізуде. Осы тұста http://presidentlibrary.kz/kk ресми сайтында виртуалды көрмелер, онлайн-байқаулар жарияланды. Алдағы уақытта ғылыми онлайн-конференциялар мен бейнекөрмелер өткізу жоспарланған.

Беттер