Жаңалықтар

13.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. ҚАНЫШ СӘТБАЕВ

12 сәуір елімізде ғылым күні атап өтіледі. Мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығымен белгіленген. Дәл осы күні Қазақстанның ғылыми ортасының өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді – бұл Қаныш Сәтбаевтың туған күні.

10.04.2020 | БІЗ БІЛЕТІН ЕЛБАСЫ: ЖАСАМПАЗ ШАҚ – ЖАСТЫҚ ШАҚ

«Біз білетін Елбасы» үштомдығының таңдамалы әңгімелерін таныстыруда жобамыздың төртінші шығарылымы Тұңғыш Президенттің топтастары, әріптестері жазған естеліктерді қамтиды. Аталмыш бөлімге Қ.Омашев, Т.Сүлейменов, Қ.Сәрекенов, В.Никонов, М.Тәтімов, Е.Төлеубаев, А.Әбдірахманов, С.Ибрагимов, М.Қыстаубаев, И.Орабаев, Т.Спаев, А.Жүнісов, Т.Адам-Юсупов, В.Колбаса, Ш.Жүкішев, Н.Вахитова, Т.Ысқақов, В.Стринжа, Ғ.Бибатырова 

08.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Биыл өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші ұстаз» атанған ғұлама, философ, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына  1150 жыл толып отыр.

08.04.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Тәуелсіздік жылдары ел өмірінің ең қиын да күрделі кезеңдерінде мен кез келген мәселені қадірменді отандастарыммен бірге бүкпесіз, ашық талқыға салып, туған халқыммен үнемі ой бөлісіп келемін. Бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртыма ақ тілеулі сөзімді арнағалы отырмын.

07.04.2020 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті қабылданған іс-шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтты. – Медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да тиімділігін көрсетіп отыр. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да белсенді жұмыс істеуде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

06.04.2020 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА – 95 ЖЫЛ

Осыдан 95 жыл бұрын, 1925 жылы 1 сәуірде белгілі қазақ композиторы және дирижері, Қазақ КСР Еңбек  сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев дүниеге келді.  Н.Тілендиев түрлі жанрдағы 500 музыкалық туындының авторы: әндер, күйлер, романстар, увертюралар, поэмалар, кантаталар, опера, балет т.б.

06.04.2020 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӨҢІР ӘКІМДЕРІМЕН ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДАЙЫНДЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында өңірлердегі ахуал және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті биліктің дайындығы талқыланды. Бірінші кезекте Елбасына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында қабылданып жатқан шаралар мен елді мекендердегі медицина нысандарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет ұсынылды.

03.04.2020 | МӘРТЕБЕСІ БИІК МАРАПАТ

Дәл үш жыл бұрын, 2017 жылдың 3 сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әзербайжан халқы мен қазақ елі арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынасты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Гейдар Әлиев орденімен марапатталған болатын. Қошеметті дәйектеген жәдігер бүгінде Елбасы кітапханасындағы мәртебесі биік марапаттар топтамасында сақтаулы тұр. Жоғары мемлекеттік наградалардың қатарына кірген орден сегіз бүйірлі жұлдыз пішіндес күміс төсбелгі мен алқадан тұрады.

01.04.2020 | ИНТЕРАКТИВ САБАҚТАРЫ. «СӨЗ ҚҰДІРЕТІ»

Таяуда біз білім саласындағы IT-шешімдерді қолданатын Елбасы кітапханасының ақпараттық технологияларын, оның ішінде интерактивті үстелдерін алты аймаққа бөліп қарастырған болатынбыз.

Беттер