Жаңалықтар

06.05.2020 | ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСТА» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» виртуалды көрмесін ұсынады. «Сталинград шайқасы» музей-қорығының (Волгоград қ.) қорынан виртуалды көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің және Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің бастамасымен арнайы қазақстандық көрермендер үшін дайындалды.

05.05.2020 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ

Рақымжан Қошқарбаев - Берлинге шабуыл жасау кезінде Берлиндегі Рейхстаг ғимаратының қасбетінде жерлесіміз Григорий Булатовпен бірге қызыл туды алғашқы болып тіккен атышулы Ұлы Отан соғысының офицері. Бұл тарихи оқиға 1945 жылдың 30 сәуірінде болды. Осы ерлігімен қазақтың айбынды және ержүрек азаматы Екінші дүниежүзілік соғысының тарихына енді.

30.04.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам ұлттық болмысымызды айқындайтын асыл қасиеттеріміз – достықты, сенімді және патриотизмді дәріптейді.

30.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ

Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Бес жүзден астам қазақстандық жауынгер Кеңестер Одағының Батыры атанды. Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды қазақтың батыр ұл-қыздарының ерліктері ұрпақ жадында өшпестей із қалдырды.

30.04.2020 | ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ. «ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» виртуалды көрмесін дайындады.

29.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН

«Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең қатыгез әрі қантөгісті соғыс ретінде бағаланады. Бұл фашизмге қарсы жалпыұлттық күрес болды. Мәскеу мен Сталинград түбіндегі қатыгез соғыста Курс пен Днепрде мыңдаған совет солдаттары өз бастарын қатерге тікті. Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин сынды Қазақстанның әскерлері де жеңіс үшін жан алысып, жан берісті. Біздің жерлестеріміздің есімі мен ерлігі біз үшін аса бағалы». Нұрсұлтан Назарбаев

28.04.2020 | «ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ». ДИНАРА ШҮКІЖАНОВА

«Ұлы дала тарландары» атты Елбасы кітапханасының ақпараттық жобасының кезекті кейіпкері республикалық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы – Динара Шүкіжанова. Өзінің еңбек жолын Динара Шүкіжанова Қостанай облыстық жастар қозғалысынан бастады, қысқа мерзімде ол елдің ірі ауылшаруашылық техникаларын шығаратын кәсіпорындарының бірінде топ-менеджер деңгейіне дейін көтерілді.  

27.04.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ АБАЙҒА ТАҒЗЫМ ЕТЕДІ

175 жыл бұрын ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы дүниеге келді. Оның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани байлығы. Заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар туған сайын, бұл мирас өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетіні рас.

Беттер