Жаңалықтар

20.05.2020 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. СЕРГЕЙ ЛУГАНСКИЙ

Сергей Данилович Луганский - кеңестік әскери қайраткер, авиация генерал-майоры, Кеңес-фин және Ұлы Отан соғыстарының қатысушысы, Кеңес одағының екі мәрте Батыры, жазушы. Сергей Луганский 1918 жылғы 1 қазанда Верный (қазіргі - Алматы) қаласында шаруа отбасында дүниеге келді. 1936 жылы толық емес орта мектепті бітіріп, бағбан болып еңбек етеді. Сол жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, комсомолдық жолдамамен Орынбор әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне жіберіледі және 1938 жылы Псковтағы 14-ші авиациялық бригадада әскери қызметін атқарады.

18.05.2020 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «КҮМІСТІҢ МӘҢГІЛІК СӘУЛЕСІ» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін, 18 мамыр – Халықаралық музей күні Елбасы кітапханасы өзінің ресми сайтында «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі ашылды. Экспозицияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары тарту етілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтардың топтамасы ұсынылған. Сыйлықтар мазмұны жағынан көпқырлы және Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын сипаттайды. Көрменің негізгі идеясы – Елбасының дипломатиялық қайраткерлігінің серпінін бірізділікпен көрсету.

18.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙ ЖИНАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫНАН СЫР ШЕРТЕДІ

Жыл сайын, 18 мамыр күні барша әлемнің музей қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Халықаралық музей күні 1977 жылы, Халықаралық музей кеңесінің (International Council of Museums, ICOM) шешімімен күнтізбеге алғаш енді. 1978 жылдан бастап аталған мәдени мереке 150-ден астам елде атап өтілетін болды. Бүгінде қоғам музей арқылы тарихи-мәдени мұраны дәріптейді. Материалды және рухани мәдени ескерткіштер мен жәдігерлерді жинап, сақтау арқылы музейлер орасан ғылыми-ағарту және білім беру мен тәрбие жұмысын атқарады.

16.05.2020 | ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТ САЛАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕГЕМЕНДІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫН» ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы Халықаралық қатынастар қызметінің Аға ғылыми қызметкері М.Сембаева   «Біз аяғымыздан тік тұрып,  дұрыс өмір сүргіміз келсе,  осы жолға түсуіміз керек» ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы    

15.05.2020 | ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ. БАУЫРЖАН РАҚЫШЕВ

Елбасы кітапханасы оқырмандарын еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан кейінгі буын өкілдерімен таныстыруды жалғастырады. Жобаның кезекті шығарылымы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайысында 28 мыңға жуық дауыс жинап, 5000-нан астам үміткер арасында «Медицина» саласы бойынша жеңімпаз атанған Бауыржан Рақышевқа арналады.

13.05.2020 | NEW NATION JOURNAL: «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ: БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ҮЛГІСІ»

Елбасы кітапханасы  «NN Journal» («New Nation Journal») қоғамдық-саяси және ғылыми-танымдық журналының жаңа нөмірін шығарды. №1(5) /2020 шығарылымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған, тақырыбы «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім үлгісі».

11.05.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН

11 мамыр күні дарынды ғалым, әдебиеттанушы, шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі, қазақстандық археология мектебінің негізін қалаушы – Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 116 жыл толды. Академик Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бойы мен Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ сияқты қалалар мәдениетін әлемге танытты. Ә.Марғұланның есімі Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің өркениеті болған Беғазы-Дәндібай мәдениетімен тікелей байланысты.

09.05.2020 | СІЗДЕРДІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймыз! Миллиондаған сарбаздың шексіз ерлігі әрқашан біздің жүрегімізде сақталады, әрі Отан қорғаушылардың жаңа буыны үшін үлгі болмақ. Сол сұрапыл соғыстың батырлары қазіргі бейбіт әлемге, біздің тәуелсіздігімізге жол салды. Олардың батылдығы мен ержүректілігінің арқасында Қазақстан бүгінде – халқының бірлігі жарасқан, бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті өмір сүріп жатқан тәуелсіз мемлекетке айналды.

09.05.2020 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. ХИУАЗ ДОСПАНОВА

«Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Бес жүзден астам қазақстандық жауынгер Кеңестер Одағының Батыры атанды. Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды қазақтың батыр ұл-қыздарының ерліктері ұрпақ жадында өшпестей із қалдырды». Н.Ә.Назарбаев

08.05.2020 | ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қадірлі отандастар! Ардақты ардагерлер! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн. Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз.

Беттер