СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН LIBRARY-PRACTICUM

10 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық жобалар және білім беру қызметінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күнсұлу Исинова және философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев «Library-practicum» форматында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау үшін ғылыми-әдістемелік семинар өткізді

 

Көшпелі семинар барысында Петропавл қаласы мен облыстың 40 мемлекеттік қызметкері Елбасы кітапханасының Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жұмыста қолдану тәжірибесімен танысып, өңірге қатысты өзекті мәселелерді шешу жолында мемлекеттік құжаттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын игерді. Пікірталастар қатысушыларға кәсіби салалардағы түйінді мәселелерді шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар семинардың тәжірибелік жұмысы барысында көптеген қызықты идеялар мен ұсыныстар айтылғанын атап өтті.

– Бұл шара, әсіресе мемлекеттік қызметкерлер үшін өте пайдалы болды. Олар жаңа білім алып қана қоймай, тың дағдыларды игере алды. Семинар аясында қатысушылар жасаған жобалар осы жұмыстың нәтижесін көрсетті. Дәл осындай іс-шаралар арқылы маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен тәжірибелерді іске асырудың нақты көрінісі пайда болады, - деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Сергей Могунов.