<Қымбатты қазақстандықтар!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күнімен құттықтаймыз!

Бұл – Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ барша қазақстандықтар үшін де айтулы күн. Биыл сүйікті елордамызға 20 жыл толғалы отыр.

Мемлекет тарихы үшін қысқа мерзім саналатын осы кезең ішінде Еуразияның жүрегінде тегеуріні мықты, дамуы қарқынды еңселі егемендігіміздің нышанына айналған әлемнің ең сұлу қалаларының бірі тұрғызылды. Жаңа елорда – Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың жасампаз идеясының жемісті нәтижесі.

Бүгінгі таңда беделі биік, айбыны асқақ, гүлдей жайнаған Астанамыз – барша қазақстандықтардың басын біріктіріп, болашаққа нық сеніммен қадам басқан таңғажайып қала.

Осындай мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен шаттық, ал сүйікті елордамызға – бейбітшілік пен татулық, құт-береке тілейміз!

Жайнай бер, Астана!

 

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасы Кітапханасы