АҚШ Конгресінің кітапханасында жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

15 наурызда АҚШ Конгресінің кітапханасында Роз Част, Линда Барри, Элисон Бехдел, Линн Джонстон, Джиллиан Тамаки сынды суретші әйелдердің шығармашылығынан сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді. 80 суретшінің 250-ден астам туындысынан құрылған «Сурет пен мақсат» кітабы оқырмандарды кескіндемеден карикатураға дейінгі бейнелеу өнерінің сан қырлы түрлерімен таныстырады. Миссисипи университетінің баспасы мен АҚШ Конгресі кітапханасының бастамасымен жарық көрген кітап бейнелеу өнерінің соңғы 150 жылдық тарихын толықтай қамтиды.

https://www.loc.gov/item/prn-18-029/new-book-reveals-artistic-achievements-of-women-in-illustration/2018-03-15/

 

АҚШ Конгресінің кітапханасы ғарыш саласы мамандарының басын қосты

19 наурызда АҚШ Конгресінің кітапханасында ғарыш саласына арналған жылсайынғы дәрістер топтамасы басталды. Іс-шараны NASA Ғарыштық ұшу орталығы мен АҚШ Конгресі кітапханасының Ғылым, технология және бизнес бөлімі ұйымдастырды. Дәріс барысында әлемнің пайда болуына қатысты ғылыми теориялар мен түрлі деректер келтіріліп, өзге ғаламшарларда байқалып жатқан өмір белгілері қарастырылады. Қатысушылар мен сала мамандары Күн, Ай, Марс, Сатурн бетіндегі құбылыстар мен өзгерістермен танысып, пікірлерін ортаға салады. Ғарышты зерттеуге бағытталған дәрістер ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады.

https://www.loc.gov/item/prn-18-030/2018-earth-and-space-science-talks-at-the-library-of-congress/2018-03-19/

 

Клинтон қоры Сан-Диего халқының ахуалын жақсарту бойынша жаңа жобасын іске қоспақ

Клинтон қоры мен Сан-Диего қоры аталмыш өңірде бой көтерген әрбір шаңырақтың әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша дайындалған жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта 12 наурызда өткен кездесудің ұйымдастырушылары балалар мен отбасылармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелермен тығыз байланыс орнатып, жаңа жүйе қалыптастыруға келісті. «Берік отбасы – берекелі қоғам» жобасы негізгі 4 бағытта (денсаулық қорғау, медициналық көмек, әлеуметтік және экономикалық қолдау, әл-ауқатты жақсарту) 29 нақты қадамнан құралады. Олардың барлығы әлеуметтік осал балалар мен отбасыларға жан-жақты қолғабыс етуді көздейді.

https://www.clintonfoundation.org/press-releases/clinton-foundation-san-diego-foundation-county-san-diego-launch-blueprint-improve

 

РФ Президент кітапханасының қоры Ресейдегі «әйелдер мәселесінің» тарихын ашты

8 наурыз қарсаңында РФ Президент кітапханасы әйелдердің Ресейдегі әлеуметтік рөлі мен құқықтарының өзгеруін зерттейтін электронды басылымдар беттерін парақтауды ұсынады.

https://www.prlib.ru/news/711745

 

РФ Президент кітапханасы мектеп оқушылары арасында ойын жүргізді

РФ Президент кітапханасында Ресей Президентін сайлау күні қарсаңында «Сенің таңдауың» іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Сайлау құқығына арналған ойын жоғарғы сынып оқушыларының арасында өтті. Электронды оқу залында жастар Президент кітапханасының «Ресейдегі сайлау жүйесі: тарих пен қазіргі заман» атты тақырыптық топтамасының материалдарымен танысты. Аталмыш топтама ойын сұрақтарына оқушылардың дұрыс жауап табуына көмектесті. 200 сақтау бірлігінен құралған топтама материалдары Ресейдегі сайлау құқығының қалыптасу тарихына толық шолу жасайды.

https://www.prlib.ru/news/760259

 

Екатеринбургте РФ Президент кітапханасы аймақтық орталығының ашылу салтанаты өтті

15 наурызда В.Г. Белинский атындағы Свердловск облысы әмбебап ғылым кітапханасында Президент кітапханасының аймақтық орталығы ашылды.

https://yeltsin.ru/news/otkrytyj-lektorij-ran-startuet/

 

Гейдар Алиев қоры балаларды Наурыз мейрамымен құттықтады

Наурыз мейрамы қарсаңында Гейдар Алиев қоры балаларға арнап кезекті ойын-сауық бағдарламасын жүзеге асырды.

Баку ойын-сауық орталықтарының бірінде өткен іс-шараға айрықша көңілдің бөлінуіне мұқтаж, ата-ана қамқорлығынан шет қалған балалар қатысты. Мереке соңына қарай балаларға Гейдар Алиев қорының атынан сыйлықтар тарту етілді.

http://heydar-aliyevfoundation.org/ru/content/view/74/

 

Молдовада Гейдар Алиев қорының қолдауымен Мәдени-білім беру орталығы тұрғызылмақ

13 наурызда Чадыр-Лунгада құрылысы Гейдар Алиев қорының қолдауымен жүргізілетін Мәдени-білім беру орталығы ғимаратының іргетасы қаланды.

Аталмыш орталық қаланың жас тұрғындарына бойындағы қабілеттерді арттыруға көмектесіп, молдаван халқының өнерлі жастарын қолдауға атсалыспақ.  Іргетасты қалау рәсімінде Орталықтың Әзербайжан мен Молдова елдері арасындағы достықтың нышанына айналып, қарым-қатынастардың ілгері дамуына ықпал етілетіні айтылды.

http://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/56/

 

Наурыз мейрамы қарсаңында аз қамтылған отбасыларға сыйлықтар таратылды

Әзербайжан Республикасының бірінші вице-президенті, Гейдар Алиев қорының президенті Мехрибан Алиеваның бастамасымен Наурыз мейрамы қарсаңында аз қамтылған отбасыларға сыйлықтар таратылды.

Түрлі азық-түліктен жиналған сыйлықтарды Гейдар Алиев қорының қызметкерлері Баку аймақтары мен аудандарында қоғамдық көмек алып жатқан отбасыларға таратты.

Әлеуметтік бағытты өз қызметінің негізі ретінде қарастыратын Гейдар Алиев қоры үкіметтік емес ұйым болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қолғабыс ететіні атап өтілді.

http://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/74/4

 

«Мүмкіндіктер RE:формациясы» жобасы жалғасу үстінде

5-6 наурызда Екатеринбургтегі Ельцин орталығында «Мүмкіндіктер RE:формациясы» федералды жобасының көшпелі семинары өтті. Бүгінде Екатеринбург әлеуметтік жобаларды құру және ілгерілетуді қалың жұртқа жеткізген Ресейдегі 12 қаланың үшіншісі болып отыр. Осы тұста қоғамдық бірлестіктер бар күшін жұмылдырса қалыптасып қалған таптаурындарды жоя алады. Ол үшін федералды деңгейде инклюзвті қоғамдастық құру қажет. Мұның бәрі  «Мүмкіндіктер RE:формациясы» жобасы тобының мақсатына айналды.

Баяндамашылардың сөзін тыңдауға әлеуметтік жобаларды қолға енді алған авторлар мен тәжірибелі мамандар келді.

Көшпелі тренингтер аяқталғаннан кейін «Мүмкіндіктер RE:формациясы» жобасының тобы түрлі өңірлердегі әріптестерімен жұмыс істеуді жалғастырады.

https://yeltsin.ru/news/reformaciya-vozmozhnostej-inklyuziya-v-elcin-centre/

 

Беларусь Республикасының Президент кітапханасы кітап көрмесіне қатысты

Беларусь Республикасының Президент кітапханасы маңызды мәдени іс-шаралардың бірі, Халықаралық Минск кітап көрмесі мен жәрмеңкесіне қатысты.

Көрме павильонындағы өз алаңында кітапхана қызметкерлері бірнеше жобаны ұсынды.

Көрмеге келушілер белорус кітап бастыру саласының 500 жылдығы мен Минск қаласының 950 жылдығын тойлау аясында, 2017 жылы кітапхана қызметкерлері дайындаған жобаға ерекше баға берді. Жоба мақсаты – оқуға құштарлықты дәріптеу, жастарды кітап мәдениеті мен қоғам құндылықтарына баулу.

https://www.preslib.org.by/news/type1/proekt-prochtenie

 

Беларусь Республикасының Президент кітапханасы қазақ ақынын қарсы алды

Беларусь Республикасының Президент кітапханасына қазақ ақыны, жазушы, сценарист, «Золотое Перо Руси» халықаралық сыйлығының лауреаты, ірі халықаралық кітап фестивальдері мен көрмелерінің дипломанты Карина Сәрсенова келді.

Қазақстан Республикасынан келген қонақтарға арнап қызметкерлер кітапхана бойынша экскурсия жүргізіп, оның қорында сақтаулы тұрған бірегей, құнды құжаттармен таныстырды. Кітапханаға сыйлаған Карина Сәрсенованың туындыларынан жасақталған көрме отандасымызды қуантты. Белорус және қазақ жазушыларының қазақ және белорус тілдеріне аударылған кітаптары да Карина Рашитқызын таң қалдырды.

https://www.preslib.org.by/news/type1/gosti-iz-respubliki-kazahstan