ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (МАМЫР, 2020 ЖЫЛ)

Гейдар Әлиев қоры Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

Гейдар Әлиев қоры жыл сайынғы дәстүрін жалғастырып, Жеңіс күнін Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен қарсы алды. Жеңістің 75 жылдығын атап өту салтанаты пандемия тұсында бекітілген шарттарға сәйкес ұйымдастырылмайтындықтан, қор қызметкерлері ардагерлерді жаңа форматта құттықтады.

Әзербайжанның бірінші вице-президенті, Гейдар Әлиев қорының президенті Мехрибан Әлиева 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын үйлерді аралауға тапсырма берді.

256 ардагерлерге құттықтау хаты мен сыйлық таратылды. Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің бұйрығымен «Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығы (1945-2020 жж.)» мерейтойлық медалімен марапатталды. Осы тұста Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен бірінші вице-президент Мехрибан Әлиеваның ардагерлерге әрдайым көңіл бөліп, қайырымдылық танытатынын айта кеткен жөн.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/5009/%D0%A4%D0%BE%D0%BD%D0%B4-%D0%93%D0%B5%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B0-%D0%90%D0%BB%D0%B8%D0%B5%D0%B2%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D0%B7%D0%B4%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%BB-%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2-%D0%92%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B9-%D0%9E%D1%82%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B9-%D0%B2%D0%BE%D0%B9%D0%BD%D1%8B-%D0%BD%D0%B0-%D0%B4%D0%BE%D0%BC%D1%83-

 

Жеңістің 75 жылдығына орай кітапхана қоры соғыс туралы тың кітаптармен толықты

Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасы Жеңіс күніне арналған тақырыптық әдебиеттердің жинағын ұсынады.

Ұлы Отан соғысына арналған үздік басылымдар майданға қатысқан Беларусь, Ресей, т.б. мемлекет тұрғындарының мазмұнды әңгімелерін қамтиды. Таңдамалы еңбектердің суреті мен қысқаша мазмұнын веб-сайттағы электронды каталогтан табуға болады.

https://www.preslib.org.by/news/type1/knigi-o-voine---novye-postupleniya-k-75-letiyu-pobedy

 

Көптен күткен соғыс хаттары

Соғыс тұсында хаттарды айлап, жылдап, кейде ондаған жыл бойы күткен. Олар траншеяларда, үйінділерде және медициналық батальондарда кез-келген қағазға жазылып жатты. Майданнан келетін хабар миллиондаған адамға жаңалықтардың ең маңыздысы, әрі «Көзі тірі ме екен?» деген сауалға жауабы болатын. Соғыс жылдарындағы хаттар тарихи кезеңді жадына сақтайды.

Адамзат тарихындағы ең қанды соғыстың оқиғалары көптеген құжаттарда көрсетілген естеліктер мен тарихи шығармаларда баяндалған.

Уақыт екі нәрсеге де, адамның жадына да қатал. Сия оңады, әріптің ізі кетеді, бүктелген ескі қағаз жыртылады... Бұл хаттар әскери тарихшылардың еңбектерінен немесе ресми шежіреден кем емес. Алдыңғы қатардағы хаттар - жауынгерлердің үні. Әр хат өз авторының өмірін, тәжірибесін, отбасын, мақсаты мен ұстанымын, ойы мен қорқынышын суреттейді.

Көптеген үйлер әкелердің, аталардың жазған хаттарын құнды жәдігердей мұқият сақтайды.

Олардың мазмұнында бәрі бар. Соғыс туралы әңгімелер, өлеңдер, әскери қолбасшылардың сарғайған фотосуреттері, соғыс парақтары мен газеттерден алынған үзінділер, жақындарға арнаған ойлар кездеседі. Бұл хаттар соғыс жылдарын еске алып, оның қайғы-қасіретінен ой түюге ықпал етеді.

https://www.preslib.org.by/news/type1/pisma-vremen-voiny-kak-ih-zhdali

 

Президент кітапханасының порталы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ленинград қорғанысы мен қоршауының мұражайын ұсынады

Ленинград қорғанысы мен қоршауының мемлекеттік мемориалдық мұражайын енді үйден шықпай-ақ аралауға болады. Экспозиция залдарының виртуалды экскурсиясы Президенттік кітапхана порталында ұсынулы тұр.

Соғыс тарихынан сыр шертетін суреттер мен құжаттар сақтаулы тұрған мұражай залдарының виртуалды экскурсиясын әлемнің кез-келген жерінен тамашалауға болады. Жәдігерлердің мәні, шығу тарихы туралы жан-жақты зерттелген деректер де келтіріледі.

Виртуалды турлар - Президенттік кітапхананың белсенді дамып келе жатқан жаңа бағыты. Оның арқасында сақтау қорындағы электронды құжаттар, фото, аудио және видео материалдар  музей жәдігерлерімен қатар толықтырылады. Президенттік кітапхананың интерактивті жобаларының ішінде аты аңызға айналған Аврора крейсері, Кобона музейі, жазушы Джулиан Семеновтің үйі, т.б бар.

https://www.prlib.ru/news/1293682

 

Президенттік кітапхана жаңа виртуалды көрмесін ұсынды

Президенттік кітапхананың порталында Жеңістің 75 жылдығына орай «Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесін анықтаған Ұлы Отан соғысы» жаңа мультимедиялық көрмесі ашылды.

75 жыл бұрын Берлиннің шетіндегі Карлхорсте Германияны сөзсіз тапсыру актісіне қол қойылды. Бұрын-соңды болмаған ержүректіліктің арқасында Кеңес халқы мен әскері Германия мен одақтастарын жеңіп, Орталық және Шығыс Еуропа елдерін оккупациядан босатты, 12 жыл бойы үшінші рейхтің астанасы болған Берлинді алды.

Ұлы Отан соғысының себебі мен мәнін екінші дүниежүзілік соғыс шеңберінен тыс түсіну қиын. Ол оның ажырамас бөлігі мен негізгі оқиғасына айналды.

Виртуалды экспозиция 1931-1945 жылдар аралығын қамтиды. 500-ден астам ресми құжаттар, фотосуреттер, карталар, мерзімді басылымдар мен парақшалар сол жылдардағы әскери-саяси және дипломатиялық оқиғаларды суреттейді.

https://www.prlib.ru/news/1298174

 

«Сколково» қоры Startup Village Livestream 20-ға шақырады

Ельцин орталығы Startup Village Livestream'20 конференциясының ақпараттық серіктесі болды. Ірі технологиялардың виртуалды конференциясын Сколково қоры мерейтойына орай өткізіп отыр.

21 және 22 мамырда online-only үлгіде ең ауқымды іс-шара – Startup Village LiveStream '20 халықаралық конференциясы өтеді. Сколково қорының он жылдық мерейтойында өтетін шараның арқасында 15000-нан астам қатысушы әлемнің кез-келген нүктесінен қызықты дәрістерді көре алады. Олар инвесторлар мен тәлімгерлермен онлайн кездесу өткізу мүмкіндігіне ие болып отыр. Биыл Startup Village сегізінші рет өткізілмек. Конференцияның виртуалды алаңына дүние жүзінің 300 сарапшысы, ірі компаниялардың басшылары және 1000-нан астам инвесторлар қатысады. 4500 стартап жобасы технология мен бизнесті дамыту саласының сарапшыларына ұсынылып, инвесторлар мен бизнес серіктестерін табуға, 24 миллион рубльден тұратын жүлде қоры үшін бәсекеге түсуге мүмкіндік алады.

https://yeltsin.ru/news/fond-skolkovo-priglashaet-na-startup-village-livestream-20/

 

Скутерлер Екатеринбургты бағындырады

Екатеринбургте адам тасымалдайтын құрылғының жаңа түрі – электрлі скутерлер пайда болды. Олардың пандемия тұсында үлкен сұранысқа ие болатыны анық. Қала тұрғындарына жаңа қызметті Ельцин орталығы Whoosh компаниясымен бірге ұсынды. Инновация бір жылға жуық сыналды.

Сіз мобильді қосымша арқылы Whoosh скутерлерін жалға ала аласыз. Онда ең жақын 300 скутер қай жерде орналасқаны көрсетілген. Өтінішке тіркелу бір минуттай уақытты алады. Электронды поштаңыз бен телефоныңызды енгізуіңіз керек. Төлем әдісін растаңыз. Бастапқыда сізге жалдау фактісі үшін 50 рубль алынады. Әр келесі минут 5 рубль болады. Алайда, егер сіз сапарға дейін FIRSTRIDE жарнамалық кодын қосқан болсаңыз, қызметті жеңілдікпен пайдалануға болады.

Шеринг Мәскеу және Челюскинцев көшелерінен Теміржол вокзалына дейін, Пионер ауылынан Мира көшесіне дейін, ВТУЗ қаласынан Ботаническая метро станциясына дейінгі бүкіл орталық аймақты қамтиды. Академиялық және VIZ мөлтек аудандары жалға алуға қосылды. Келесі кезекте қала тұрғындарының өтініші бойынша темірбетон ауданы орналасқан.

Скутер қуаттау станцияларына жалғануды қажет етпейді. Оны қарапайым велотұраққа қоюға болады. Ельцин орталығының айналасында бұл үлгіде төрт скутер велотұрағы бар.

https://yeltsin.ru/news/skutery-pokoryayut-ekaterinburg-1500-poezdok-za-dva-dnya/

 

Түлектерді құттықтаудың интернет-рәсіміне Барак Обама қатысады

16 мамырда бұрынғы АҚШ президенті Барак Обама жұлдыздармен бірге кешкі бағдарламада орта мектеп түлектерін құттықтайды.

Сағат 19: 00-де NBC арнасында «2020 жылғы Америка түлектерінің марапаттауы» онлайн-трансляциясы өтеді. Видеоның көрсетіліміне мектептің негізін қалаушы және ұлттық баскетбол ассоциациясының атақты ойыншысы Леброн Джеймс, Нобель сыйлығының лауреаты Малала Юсуфзай, әнші Кейн Браун және Джонас Brothers музыкалық тобы қосылады.

Эфирге Обама қорының жоғары сынып оқушылары, Чикаго мемлекеттік мектептерінің өкілдері және Обама жастар еңбек корпусының мүшелері қатысады.

https://www.nbcchicago.com/news/local/barack-obama-to-deliver-virtual-commencement-during-primetime-graduation-special/2272891/

 

Джон Фицджеральд Кеннеди атындағы кітапхана қоры КВІ пандемиясының алдыңғы шебінде жұмыс істейтін адамдарды ерлігі үшін марапаттамақ

Джон Фицджеральд Кеннеди атындағы кітапхана қоры Америка Құрама Штаттарынан тұрғындарын KВI пандемиясымен күресіп жатқан азаматтарды «Ерлік» сыйлығына ұсынуды сұрайды.

Қор адамзатты құтқару үшін «науқастарды сауықтыруға, мұқтаж жандарды қорғауға және халықты қолдауға ат салысуда»  өз өміріне қауіп төндіріп жүрген азаматтар туралы бірнеше материал іріктелінеді. Марапаттау рәсімі жаппай жиналыстарға қойылған шектеу алынғаннан кейін өтеді.

https://www.bostonglobe.com/2020/05/28/metro/jfk-library-foundation-asks-nominations-frontline-workers-special-profile-courage-award/

 

Труман кітапханасы Еуропада Жеңіс күнінің 75-жылдығын онлайн-түрде атап өтеді

75 жыл бұрын Германияның жеңілісін жарияланып, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Ол кезде Америка Құрама Штаттарының Президенті Миссури штатының тұрғыны Гарри Труман болатын.

Сондай-ақ, Еуропада бірінші Жеңіс күнін атап өту Америка Құрама Штаттарының 33-ші Президентінің 61-ші туған күніне арналғанын атап өткен жөн.

Екі оқиғаны атап өту үшін Индепенденс қаласындағы Гарри Труман музейі, Миссури және Трумэн кітапханалық институты үлкен шара жоспарлады.

Карантин шараларының енгізілуіне байланысты мереке онлайн режимінде өтеді. Кітапхана АҚШ тұрғындарынан соғыс ардагерлері мен Гарри Труманның біз өмір сүріп жатқан әлемді қалай өзгерткенін білуі үшін, Facebook, Twitter және Instagram-да Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы әңгімелерімен бөлісуді сұрайды.

https://www.kshb.com/news/coronavirus/celebrate-the-75th-anniversary-of-v-e-day-online-with-truman-library

 

Хеннинг Ларсен, Сноэтта және Ганг студиясы Рузвельт кітапханасының жаңа ғимаратына негіз болатын дизайн байқауының финалистері атанды

Хеннинг Ларсен, Сноэтта және Ганг студиясы Солтүстік Дакота, Бадлэнд округінде тұрғызылатын жаңа Теодор Рузвельт президенттік кітапханасының жобасын құрайтын болды.

«Бұл сәулетшілердің көзқарасы біздің талғаммен үндес. Себебі олар жергілікті халықтың тұрмысын бақылап, АҚШ-тың бұрынғы президенті Теодор Рузвельттің өмірін зерттеге», - деді Теодор Рузвельт Президенттік кітапхана қорының дизайн және сәулет комитетінің төрағасы Малони Уолтон.

Сәуір айында жарияланған талаптарға сай келетін 12 фирмадан үш финалист іріктелінді. Жеңімпаз атқарушы сәулетшімен және Солтүстік Дакотадағы құрылысты басқару тобымен жұмыс істейді.

https://www.constructionspecifier.com/henning-larsen-snohetta-and-studio-gang-shortlisted-to-design-roosevelt-library/