ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ҚАҢТАР 2017 ЖЫЛ)

Беларусь Республикасының президенттік кітапханасында жаңа жәдігерлер пайда болды

Музейдің коллекциясы сыйлықтық басылымдағы фотоальбом түріндегі «Күміс сақина. XVII ғасыр: Кремльден 100 шақырым» кітабымен толықты. Полиграфиялық өнердің жауһары Мәскеудің және Ресей Федерациясы астанасының жақын маңындағы баршаға белгілі емес архитектура ескерткіштері жайында сыр шертеді.
Ескерткіш кітап Беларусь Республикасының Президенттік кітапханасына Беларусь Республикасы Ұлттық кеңесі өкілдері палатасының төрағасы Владимир Андрйченконың жеке тапсырысы бойынша сыйға берілді.
Баспа өнімі тарихшыларға, саясаттанушыларға, өнертанушыларға, гуманитарлық мамандықтардың студенттері мен аспиранттарына, сондай-ақ қызығушылық танытқан қалың бұқараға қызықты болмақ.

www.preslib.org.by

Виртуалды кітапхана

А.К. Югов атындағы Қорған облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2017 жылдың қаңтарынан бастап Санкт-Петербургтегі Б.Н. Ельцин атындағы Президенттік кітапханасына тестік қосылу жолы ашылды.
Ақпараттық ресурстың ішінде баспа басылымдарының, мұрағаттық және ресми құжаттардың, музейлік нысандардың сандық көшірмелері, сондай-ақ бастапқыда электрондық түрде жасалған ресурстар, соның ішінде баспалық және аудиовизуалдық өнімдер бар. Кітапхананың сандық қорында 500 мыңнан астам құжат бар, оның ішінде 137 652-не – веб-ресурста ашық қол жеткізуге болады.
Президенттік кітапхананың порталынан оқу үшін немесе жұмыс үшін ғана ақпарат алып қоймай, сонымен бірге жаныңа жақын іспен де айналысуға болады. Мысалы, «Электрондық әлемдегі Ресей» тарих, қоғамтану және орыс тілі бойынша оқушыларға арналған олимпиадаға, «Ресей туралы білім» бейнедәрістерге, фотоконкурстарға қатысуға, Ресейдің конституциялық тарихы электрондық музейі бойынша виртуалды экскурсия жасауға, бейнефильмдер көрсетілімін көруге болады.

www.nm45.ru

Жерар Кардон Әзербайжанның Президенттік кітапханасында

Белгілі француз жазушысы Жерар Кардон Әзербайжанға сапары аясында 2017 жылдың 18 қаңтарында Президенттік кітапханада болды.
Қонақ кітапханадағы сирек кездесетін кітаптар, шетел әдебиеті және өнер жайындағы әдебиет қорына бас сұқты.
Экскурсия барысында жазушы әзербайжан әйелдеріне арнаған романын жазып жатқандығын және өзін Әзербайжан әйелдері – аса көрнекті мемлекет қайраткерлері, ғылым және мәдениет қайраткелері туралы кітаптар қызықтыратындығын айтты.
Сапар соңында Жерар Кардон Кітапхананың Құрметті қонақтары кітабында жазба қалдырды.

www.preslib.az

Б. Ельцин атындағы Президенттік кітапханада Ленинград қоршауында қалғандарды еске алды

Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапханада Ленинградты ерлікпен қорғауға және Ленинградты фашистік қоршаудан толық азат етудің 73 жылдығына арналған іс-шара өтті. Сенат алаңындағы ғимаратта блокада қасіретін бастан кешкендер, ардагерлер, тарихшылар, журналистер, жастар ұйымдарының өкілдері, Санкт-Петербургтің студенттері мен мектеп оқушылары жиналды.
Бейне-конференц-байланыс режимінде іс-шараға Солтүстік-Батыс федаралдық округінің және бұрынғы Кеңес Одағының басқа қалаларынан қатысушылар да қосылды. Сондай-ақ 1943 жылғы 18 қаңтардағы Ленинград қоршауы бұзылған күнге орай Президенттік кітапхананың порталында пайдаланушылар үшін екі ауқымды коллекция орналастырылды: «Ленинград қорғанысы және қоршауы» және «Президент кітапханасы қорындағы отандық мерзімді баспасөз».
www.prlib.ru

День Мак-Кинли

Америка Құрама Штатының 25-інші президенті Уильям Мак-Кинлидің туған күнін мерекелеу 28 қаңтарда президенттік кітапханада және Уильям Мак-Кинли атындағы музейде өтеді. Ұнатқан қонақтардың барлығына осы жылы тағы да іс-шара өткізіледі, соның ішінде ашық аспан астындағы ас әзірлеу ошағы, азамат соғысы реконстуркциясы және Discover World арнайы шоу ұйымдастырылады.
Сондай-ақ іс-шараның бағдарламасында – Ақ үйдің атынан жергілікті ардагерлер мен генералдардың қатысуымен президентті еске алу үшін гүлшоғын қою рәсімі болады.
www.mckinleymuseum.org

Ельцин орталығында киноклуб ашылады

4 ақпанда Екатеринбургте Ельцин орталығының Киноклубы жұмысын бастайды. Отырыстар кино-конференц-залда айына екі рет демалыс күндері өтетін болады. Киноклубтың жүргізушісі кинотанушы, продюсер, Ресей киноматографиялық өнер академиясының мүшесі, Мәскеу сыйлығының лауреаты Вячеслав Шмыров болады.
Киноклуб көрнекті режиссер Марлен Хуциевпен кездесумен ашылады. Сондай-ақ қатысушыларға «Иьич заставасы» кеңестік фильмінің авторлық нұсқасы, «1941 жылдың адамдары» деректі фильмі және жаңа аяқталмаған «Кешкілік емес» фильмінің материалдары көрсетіледі.
Кештің арнайы қонағы «Ильич заставасы» фильмінің түсірілімінде фотограф болып жұмыс істеген фоторепортер Генриетта Перьян болады.
www.yeltsin.ru