«МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

1 наурыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) Алғыс айту күніне арналған «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.

Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ұлтаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер, сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері: ҚХА Кеңесінің мүшесі, Дүниежүзілік шешендер конгресінің вице-президенті Ахмет Мурадов, «Таң» татар-башқұрт этно-мәдени орталығының төрағасы Сергей Садыков, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі,  «Шаңырақ» ҚХА кафедралары ассоциациясы» РҚБ төрайымы, саяси ғылымдардың докторы, профессор Наталья Калашникова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы Ғазиз Телебаев, Ч.Э. Ахриев атындағы Ингуш гуманитарлық ғылымдар ҒЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдардың кандидаты Лейла Арапханова, Торайғыров университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Мамытова, «Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы, ҚХА мүшесі Аскер Пириев, «Нұр-Сұлтан қаласындағы өзбек этно-мәдени орталығының төрағасы, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Шерзод Пулатов, ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев және докторанттар мен магистранттар қатысады.

Модератор ретінде Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Бақытжан Темірболат сөз сөйлейді.

Іс-шара барысында Ингушетия Республикасының бірінші президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Руслан Аушев пен Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров бейне құттықтау жолдайды.