МАМАНДАР БУЫНЫ ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ

Елбасы кітапханасы «Әділет» қызметкерлер кәсіби одағы мен Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасымен әзірлеген серіктестік жобалардың аясында білім беру саласы мамандарының кездесуін өткізді. Бұл саладағы ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова атап өтті. Ол қатысушыларды Кітапхананың ғылыми-білім беру бағытымен таныстырып, бағыттың басты міндеттерін ортаға салды.

       

Кездесу барысында көп жылдық еңбегі бар педогогтер кәсіби одақ қатарынан келген жас мамандармен тәжірибе бөлісті. Жаңа мұғалімдерді ынталандырған кездесу мамандарды кәсіби тұрғыдан дамуға бағыт берді.

«Әділет» қызметкерлер кәсіби одағының төрағасы Батыр Әлиев мазмұнды сұхбатқа қатысқан алдыңғы буынға алғыс білдірді:

– Бізді құшақ жая қарсы алып, ұмытылмас кездесуді ұйымдастырған Елбасы кітапханасының басшылығы мен қызметкерлеріне ризашылығымыз шексіз. Бірлескен іс-шараларымыздың әрқайсы жоғары деңгейде өтуі – қалыпты жағдай. Таяуда мұғалімдер арасында үздік музей сабағына жарияланған «Туған жер – тұнған тарих» қалалық конкурсы жергілікті педагогтерді қызықтырып, белсенділік таныттырды. Мекемелеріміздің серіктестігі жалғасын тауып, одан әрі дами беретініне үміт артамыз.