«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСТА» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75-жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы бірқатар көрмелер мен іс-шараларды  жоспарлады. Белгілі себептерге байланысты көрмелер Елбасы кітапханасының сайты мен Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің және «Sputnik Қазақстан» жаңалықтар агенттігінің сайттары арқылы әлеуметтік желілерде көру үшін қолжетімді электрондық форматқа көшті. 

Көрме Ресей Федерациясының Елшілігінің және Қазақстан Республикасындағы  «Россия сегодня» Халықаралық ақпараттық агенттігінің Өкілдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің бастамасымен музей-қорығының қорынан алынған «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» виртуалды көрмесі арнайы қазақстандық көрермендер үшін дайындалды.

Көрме материалдары 1942 жылдың 17 шілдесінен бастап 1943 жылдың 2 ақпаны аралығында өткен Ұлы Отан соғысының ең қанды шайқастарымен ғана емес, бүкіл II дүниежүзілік соғыстың тарихымен таныстырады. Ұлы шайқастағы Жеңіс соғыс барысында түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Сталинград шайқасында Отан үшін күрескен 500 мыңға жуық ержүрек жауынгер  қаза тапты. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы халқының өкілдері, соның ішінде қазақстандықтар да болды.

«Сталинград шайқасы» музей-қорығының қызметкерлерімен жиналған бірегей мұрағаттық материалдар шайқас батырлары туралы баяндайды, оларды жақынырақ білуге, Ұлы Жеңіс үшін аянбай барлық күш-жігерін жұмсаған  тұлғалардың ерлігімен  қайта бір қауышуға мүмкіндік береді.

Тарихи естелікті сақтау, оның мұрасын жас және болашақ қазақстандықтарға жеткізу – Елбасы кітапханасының басты міндеттерінің бірі. Көрменің ұйымдастырушылары мен серіктестері көрме материалдары қалың көпшілік қауымға қызықты болатынына сенім білдіреді.