ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ БІРІНШІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Елбасы кітапханасының Геосаясат және өңірлік зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкерлері Аида Шайықова мен Осман Досов Өзбекстанда 28 мен 31 қазан аралығында өткен бірінші Орталық Азия сарапшыларының форумына қатысты. Іс-шара Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты және Орталық Азиядағы Превентивті Дипломатия жөніндегі БҰҰ Аймақтық Орталығымен  (UNRCCA) бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты – 2019 жылдың ақпанында Өзбекстан астанасында өтетін «Орталық Азия: аймақтық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен келешегі» халықаралық конференциясының тұжырымдамасы жөнінде, сондай-ақ, 2019 жылдың наурызында Ташкентте өтуі жоспарланған мемлекет басшыларының консультативтік кездесуі қарсаңында кеңесу.

Форумға қатысқандар: ӨР Сыртқы істер министрінің орынбасары Д.Ахатов, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азиядағы Превентивті Дипломатия жөніндегі БҰҰ Аймақтық Орталығы басшысы Н.Герман, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.Шаукенова, ӨР Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директоры (СӨЗИ) В.Норов, Қырғыз Республикасының Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының (ҰСЗИ) директоры К.Шадыбеков, ТР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры  (CЗО) Х.Холикназар, Түркменстанның Қаржы және экономика министрлігінің стратегиялық және тұрақты даму институты (СТДИ) директорының орынбасары О.Аширов, ӨР СІМ Халықаралық қатынастар жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталығының (ХҚ АСО) директоры Э.Арипов, ӨР Үкіметі жанындағы Экономикалық зерттеулер орталығының (ЭЗО) директоры Ш.Назаров, Су шаруашылығын үйлестіру мемлекетаралық комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығының директоры В. Духовный, өзге де зерттеу орталықтарының ғылыми қызметкерлері, ОАА елдерінің төтенше және өкілетті елшілері, БҰҰ, Дін істері жөніндегі комитет пен Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық ақпараттық-сараптамалық орталығының, ӨР Ғылым Академиясы, Өзбекстанның жоғары оқу орындары, мемлекеттік және жеке БАҚ өкілдері.

Орталық Азия сарапшылары форумының сессиясы  Орталық Азия елдері арасындағы заманауи жағдай мен келешегі, саясат, сауда мен инвестиция, көлік комуникациясы және инфрақұрылымдық даму мен олардың аймақтың дамуына ықпалы және Орталық Азиядағы діни экстремизм, терроризм мен есірткі тасымалы, ұйымдасқан қылмысқа күресті жандандыру мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне арналды. Сонымен қатар, сессия барысында Ауғанстандағы жағдайды реттеу мәселелері де қаузалды. Бұхарада өткен іс-шара соңы «Аймақтағы елдердің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының дамуы Орталық Азия тарихи-мәдени бірыңғай кеңістігін бекітудің факторы» тақырыбына арналды.   

Форум қорытындысы бойынша алдағы 2019 жылы болатын маңызды кездесулерге байланысты мәселелер анықталып, аймақтық ынтымақтастықты нығайту бойынша өзекті тезистер әзірленіп, қорытынды хаттама бекітілді.

Сарапшылар Елбасы кітапханасының Орталық Азия алаңындағы қатысуын өзара байланысты тереңдету және жүйелендіру мақсатында бекітті. Сарапшылық деңгейде шерпа институтын енгізудің маңыздылығы туралы идея айтылды.

Шерпа – «Үлкен сегіздікке» мүше-елдер басшыларының сенімді өкілі. Шерпа өз елі төрағалық еткенде «Үлкен сегіздік» саммитін дайындауға және шетелдік әріптестермен байланысқа жауапты. Шерпалар саммиттердің күн тәртібі мен келісімдерді әзірлеумен айналысады.