2019 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында екі күндік семинар-тренингтің жаңа маусымы басталады. Осы жылғы оқу курсы «Болашаққа жол өзіңнен басталады» тақырыбына арналмақ.

Семинар-тренингтің бағдарламасында дәрістер кезең бойынша Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы, «Индустрия 4.0» – төртінші өнеркәсіптік революция» бағдарламасы, Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы өзекті мәселелерге байланысты өрбитін болады.

Жыл бойы өтетін семинарларға Қазақстанның барлық өңірлерінен мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары, студенттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары, БАҚ және жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер қатысады.

Анықтама: 2015 жылдан бері Елбасы кітапханасында 136 оқу семинары өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын меңгеруге бағытталған.

Осы күнге дейін Елбасы кітапханасында өткен семинар-тренингке 7 мыңнан астам тыңдаушы қатысып, оларға Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам», «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» тақырыбы бойынша дәрістер оқылып, сертификаттар тапсырылған.