ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ПЕДАГОГТЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Елбасы кітапханасында Педагогтер кеңесі 2019 жылдың қорытындысын шығарды. «Музей сабақтары – рухани және адами құндылықтарға ықпал етудің құралы» тақырыбында өткен іс-шараның модераторы, Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова өз сөзінде мекеменің ғылыми-білім беру жобаларын іске асырудың мақсат-міндеттерін атап өтті:

– Елбасы кітапханасы Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасымен серіктестікті нығайтып, білім беру мекемелері мен балабақшалардың педогогтерімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Құрылған Кеңес ел шежіресі мен Елбасының тарихи рөлін зерделеудегі Кітапхананың әлеуетін пайдалануға қызығушылық білдіргендердің басын қосты. Көптеген мемлекеттің бұл үлгідегі мекемелері оқыту бағдарламасын білім беру жүйесімен қатар жүргізетіні белгілі.

Отырыс кезінде биылғы жұмыс қорытындыларынан бөлек 2017-2018 оқу жылдарында өткен музей сабақтарының жинағы таныстырылып, келер жылдың жоспары талқыланды.

Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Әсия Оспанова:

– Баланың болмысын дұрыс қалыптастыруда рухани және адами құндылықтарды баулыған абзал.  Осы тұста «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» жобасы Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Барлық санаттағы қатысушыларға арналған дәрістердің мазмұны тыңдаушылар жасына қарай түрлі психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерді ескерген. Білім беру іс-шараларына өтініштер тек оқу орындарынан ғана емес, мемлекеттік қызметкерлерден, жалпы және жоғары оқу орындарының оқытушыларынан, қосымша білім беру оқытушыларынан түседі.

Кездесу барысында тәрбиешілер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ елордалық мектептердің мұғалімдері баяндама оқыды. Мемлекеттік тарих институтының бөлім меңгерушісі Жабай Қалиев өз сөзінде педагогтер арасында үздік музей сабағына жарияланған «Туған жер - тұнған тарих» қалалық байқауының маңыздылығын атап өтті.

- Дарынды мұғалімдерді қолдайтын конкурс музей педагогикасы саласының озық технологияларын анықтауды; музейдің білім беру кеңістігінде заманауи әдістер мен технологияларды енгізуді; инновациялық тәжірибе алмасуды; музей қорын кеңінен насихаттауды көздейді. Ол сондай-ақ Тұңғыш Президенттің өмірін, қоғамдық және мемлекеттік қызметін баяндап, егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының тарихи рөлін дәріптейдіі. Байқауға қатысу үшін 100-ге жуық өтінім келіп түсті. Оның ішінен 10 мұғалім  диплом мен сыйлықтармен марапатталды.

№ 46 мектеп кешенінің тарих пәнінің мұғалімі Татьяна Маканова «Үлкен регата» мектепішілік музей жобасына тоқталды:

- Регатта - Нұр Сұлтан қаласы оқу орындарының білім алушыларына арналған бірегей бағдарлама. Ұзақ мерзімді серіктестік жобаның аясында бір қатар музейлер таныстырылып, маңызды шаралар өтеді. Саяхат ойынының шарты бойынша Елбасы кітапханасы музей нысандары, яғни «аралдар» шоғырланған «Архипелаг» болып белгіленді. «Архипелаг» қызметкерлері тақырыптық экспозициялар негізінде ойын сызбаларын әзірлейді. Ойынның мақсаты - елордадағы мектеп мұражайларына баруға, қазақстандық қоғамның даму тарихына елеулі үлес қосқан атақты адамдардың туған жері, өмірі мен шығармашылығы туралы көбірек білуге ​​ерекше мүмкіндік жасау.

№35 «Ертегі» балабақшасының меңгерушісі Ләззат Рахменова Елбасының кітапханасының «Музей және балалар» ғылыми-ағартушылық жобасының нәтижелеріне тоқталды:

- Айрықша сабақтардың балаларға да, тәрбиешілерге де қызық екені сөзсіз. Елбасы кітапханасының қызметкерлері инновациялық тәсілдерді белсенді қолданудың, тарихты терең шолу жасаудың маманы екенін дәлелдеді. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Тақырыптық, ақпараттық мазмұн және құрылым тұрғысынан күрделі осындай тақырыптық шараны ұйымдастыру үшін сіз өзіңіздің қолөнеріңіздің нағыз шебері болуыңыз керек.

Кездесу барысында Педогогтер кеңесінің мүшелері Елбасы кітапханасының еліміздегі ең танымал білім беру, ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталықтарының бірі екенін атап өтті. Қоғамдық беделін орнатқан Кітапхананың ақпараттық мәртебесі де жоғары. Бүгінде ол тәрбие және оқу саласының ажырамас бөлігіне айналды. Мұғалімдер жемісті ынтымақтастыққа ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта серіктес болуға сенім білдірді.