«Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» көрмесі

Елбасы кітапханасының мұражай қорында ерекше жәдігерлер бар, олардың маңызы терең символизм, тарихи оқиғаларға қатысы және орындау ерекшелігімен тікелей байланысты. Сағат жасау өнерінің 70-ке жуық әрқилы және өте сирек кездесетін туындылар «Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі»  атты көрмеде көрсетілген. Жинақ негізін Н.Ә.Назарбаевқа шет мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен қорлар, шетелдік делегациялар, мемлекет басшысының жаһандық беделін мойындаған Қазақстан халқының сыйлықтары құрайды.