Жаңалықтар мұрағаты 2020

31.12.2020 | СІЗДЕРДІ КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Жақсылықтың жаршысы болған  Жаңа жыл шаңырақтарыңызды шаттық пен қуанышқа толтырып, бақыт пен береке әкелсін! Жаңа 2021 жылда Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! Құрметпен,

31.12.2020 | ЕЛОРДА ӘКІМІ АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МУЗЕЙІНЕ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейіне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келді. Шаһар басшысы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы резиденциясын тамашалап, онда орналасқан экспозиция залдары мен құнды жәдігерлермен танысты.

30.12.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Елбасы кітапханасында Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Елбасы кітапханасының директоры, Ғылыми кеңестің төрағасы Әмірхан Рахымжанов алғы сөзінде қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, биылғы жылы пандемия салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, кітапхана өзінің ғылыми-зерттеу қызметін белсенді түрде жалғастырғанын атап өтті.

29.12.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНДА БОЛДЫ

29 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары келді.

28.12.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙАРАЛЫҚ РЕГАТАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейаралық регатасы осы жылдың 30 қазаны мен 11 желтоқсаны аралығында өтті. Қызықты іс-шараға елордалық мектеп оқушылары қатысты. Қорытынды ойын және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында өтті.

25.12.2020 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМДЕРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Bilim – órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мұрындық болған «Қазақстанның жыл мұғалімі – 2020» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Елбасы кітапханасының музейінде қонақ болды. Мұғалімдер музейдегі түрлі экспозициялармен танысып, көрме залдарының мәні мен мазмұны ұлтымыздың тәуелсіздік тарихын зерттеу жолында таптырмас құнды материал екендігін атап өтті.

25.12.2020 | АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚҰНАНБАЙ ӘУЛЕТІ» КАРТИНАСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА ҚОЙЫЛДЫ

Елбасы кітапханасына «Құнанбай әулеті» атты монументалды көркем кенеп картинасы қойылды. Туындының авторлары – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, суретшілер Нұржан Қарымсақов пен Аманжол Мусалимов. Бұл картина қазақтың ұлы ақын-ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына көрсетіліп жатқан лайықты құрметтің жалғасы.

25.12.2020 | ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ. ИВАН СНЕГУРОВ

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының «Спорт» номинациясы бойынша жеңімпазы қазақстандық даңқты ауыр атлетшілер – Снегуровтар әулетінің жалғастырушысы –  Иван.  Ол 1988 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қаласында дүниеге келген. Оның атасы –  Николай Николевич ауыр атлетикадан спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы, әлем рекордсмені – Виктор Мазинді тәрбиелеген. Иванның әкесі де ауыр атлетикадан спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы, сондай-ақ Қазақстан мен Азияның чемпиондары мен жүлдегерлерін баптаған.

24.12.2020 | БІРЕГЕЙ БАСЫЛЫМ. 1949 ЖЫЛЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН «АБАЙ ЖОЛЫ» ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің сөресі сирек кітаппен толықты. Қазақтың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының орыс тіліндегі алғашқы экземплярының бірі мұражайға қойылды.

23.12.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР - ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ОНЛАЙН-ФОРУМ ӨТТІ

 Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында Қазақстан жастар көшбасшыларының «Жалынды жастар – елдің жарқын болашағы» онлайн-форумы өтті. Басқосуға Қазақстан жастар ұйымдарының көшбасшылары мен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары және Елбасы кітапханасының волонтерлері қатысты.

21.12.2020 | СЕРІК АҚШОЛАҚОВ: «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ДАРА ЖОЛЫ БІЗДІ РУХТАНДЫРАДЫ»

Желтоқсанның 20 жұлдызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейіне профессор, медицина ғылымдарының докторы, нейрохирург, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов келді.

20.12.2020 | ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: БАУЫРЛАСТЫҚ ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ

Елбасы кітапханасының «Қазақстан жолы: сыртқы саясат» ақпараттық жобасы аясында Қазақстанның өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарының тарихына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық идеялары мен бастамаларына арналған «Қазақстан –Түркия: бауырластық пен достықтың символы» тақырыбындағы мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.

16.12.2020 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем картасына Қазақстан атын ойып жаздық. Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістіктерге жетті. Біз елдігіміз бен егемендігімізді нығайтып, шекарамызды бекіттік. Бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға көшіп, мемлекетімізді аяққа нық тұрғыздық.

15.12.2020 | ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРДАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНА ДЕЙІН

Бүгін Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдардан «Мәңгілік ел» идеясына дейін» атты музей видеомост сабағы өтті. 

15.12.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ…» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық шығармашылық байқауының қорытындысы шықты. Сайыс ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түркі академиясы, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы.

Беттер