Жаңалықтар мұрағаты 2019

09.12.2019 | МАМАНДАР БУЫНЫ ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ

Елбасы кітапханасы «Әділет» қызметкерлер кәсіби одағы мен Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасымен әзірлеген серіктестік жобалардың аясында білім беру саласы мамандарының кездесуін өткізді. Бұл саладағы ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын іс-шараны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова атап өтті. Ол қатысушыларды Кітапхананың ғылыми-білім беру бағытымен таныстырып, бағыттың басты міндеттерін ортаға салды.

06.12.2019 | «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2019 жылғы 6 желтоқсан күні Назарбаев орталығының ғимаратында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында жыл сайын жарияланатын «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты халықаралық шығармашылық конкурстың қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті. Байқау тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын кеңінен таратуға негізделген. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қоры.

06.12.2019 | «ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАҒАН ТӘУЕЛСІЗДІК» ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Тәуелсіздік күніне арналған  «Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» форумы өтті. Елбасы кітапханасы ұйымдастырған форумның мақсаты – тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыртудағы өзекті мәселелерді, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің қалыптасуындағы негізгі нәтижелер мен келешегін, халықаралық аренадағы жаһандық жетістіктерді талқылау.

05.12.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ СУРЕТШІ БАЛАЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Туған өлкем» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оның барысында  Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын дәріптейтін «Туған өлкем» республикалық бағдарламасы балалар шығармашылығын қолдауды, қосымша білім беру мекемелері жұмысын насихаттауды көздейді. Келелі іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашты:

05.12.2019 | ОҚУШЫЛАР ТАНЫМАЛ ПСИХОЛОГ ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Елбасы кітапханасының «Болашаққа жол өзіңнен басталады» екі күндік семинар-тренингтердің биылғы маусымы аяқталды. Осы жолғы дәрістер мен тренингтердің тыңдаушылары – еліміздің Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан келген оқушылар. Іс-шара барысында жоғар сынып оқушылары танымал, қазақстандық отбасылық психолог, АҚШ-тың Бейбітшілік Институтының грант иегері Ержан Мырзабаевпен кездесті.

05.12.2019 | «ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАҒАН ТӘУЕЛСІЗДІК» ФОРУМЫ

6 желтоқсанда сағат 10.00-де Елбасы кітапханасының музейінде Тәуелсіздік күніне арналған  (Бейбітшілік к-сі, 11) «Ел тағдырын айқындаған Тәуелсіздік» форумы өтеді. Форум жұмысына Конституциялық Кеңестің, Парламенттің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

05.12.2019 | «ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КӨРМЕСІ МЕН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

5 желтоқсан күні сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) «Туған өлкем» балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарламаның лауреаттарын марапаттау рәсімі мен қорытынды көрменің ашылуы өтеді.

04.12.2019 | ПЕДАГОГТАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Конкурс, объявленный Библиотекой Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы, Профессиональным союзом работников образования «Әділет» г.Нур-Султан и ЦРОиПС «Астана дарыны» в начале учебного года, проводился с целью поддержки талантливых педагогов; выявления передовых технологий в области музейной педагогики; обмена инновационным опытом в развитии современных музейно-педагогических подходов и технологий в музейном образовательном пространстве; помощи коллегам в интеграции образования и культуры; популяризации музейного фонда, пропаганды жизни, общественной и государственной деятельности Первого Президента Республики Казахстан и раскрытия его исторической роли в становлении и развитии суверенного Казахстана.  

03.12.2019 | ПЕДАГОГТАР ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

4 желтоқсан күні сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік к-сі, 11)«Туған жер – тұнған тарих» атты үздік музейлік сабаққа қалалық педагогтар шеберлігі байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру кәсіподағы, «Астана дарыны» ДДжПСО. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

29.11.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ТОПТАМАСЫ

29 қарашада Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында Ақмола облысы Степногорск қаласындағы № 6 МГ, № 5 МЛ,  № 9, №2, № 7 ОМ мектеп ұжымы мен оқушыларына көшпелі іс-шаралар топтамасын өткізді. Іс-шара алдына қатысушыларға Елбасы кітапханасының негізгі қызметі мен оның құрылу тарихы туралы баяндайтын «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» бейнефильмі көрсетілді.

29.11.2019 | «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

Тұңғыш Президент күніне орай бүгін Елбасы кітапханасының музейінде «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылданды. Іс-шараны ашқан «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысушыларды келе жатқан айтулы мерекемен құттықтап, Елбасының қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның гүлденуіне зор үлес қосқанын атап өтті.

29.11.2019 | РУХАНИ МЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ

28 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік аясында елордалық № 57 ОМ мектептің қатысушыларына «Нұр-Сұлтан – рухани келісім мекені»  тақырыбында дәріс өтті.

28.11.2019 | «ТАРИХИ ТАҢДАУ». ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЖАҢА КӨРМЕЛЕР АШЫЛАДЫ

29 қарашада сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жоба аясында іс-шаралар өтеді. «Тарихи таңдау» жобасы аясында жыл сайын еліміздің жаңа саяси тарихының әртүрлі қырлары ашылады. 2019 жылы жобаның негізгі тақырыптары «Тіл туралы» Заңның 30 жылдығына және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық бастамаларының тарихына арналды.

Беттер