14 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында Елбасы кітапханасының қызметкерлері салтанатты түрде марапатталды. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Базаркұлұлы Қасымбеков ұжымды мейраммен құттықтап, оның маңыздылығын ерекше атап өтті: «Еліміз 25 жыл ішінде дамудың даңғыл жолына түсіп, толайым табыстарға және айшықты жетістіктерге жетті. Бүгінде жас мемлекетіміздің мәртебесі әмбеге аян.