2 шілдеде Мемлекеттік хатшы Қ.саудабаев Ақордада мемлекеттік органдардың бір топ басшыларына, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшы қызметкерлеріне және қоғам қайраткерлеріне «Астананың 10 жылдығы» медалін тапсырды. «Астананың 10 жылдығы» медалі Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан астанасының 10 жылдық мерейтойына байланысты бекітілді, бұл медальмен Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.