«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы
Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» ауқымды көшпелі көрме жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде жоба Алматы (2017 ж.), Шымкент, Атырау, Ақтөбе (2018 ж.), Қызылорда, Тараз (2019 ж.) қалаларында болды. Елбасы кітапханасының архивтік, кітап және музей жинақтарындағы көрмесі жобаның басты оқиғасы болып табылады: ол халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны, ғылыми-тәжірибелік семинарды, семинар-тренингтерді, «ашық кеңістік» форматындағы интерактивті қарым-қатынасты, негізгі көрме бойынша шолу және тақырыптық экскурсияларды, сондай-ақ өңірлердің елді мекендеріне көшпелі экскурсияларды қамтиды.