Стратегиялық бастамалары және тарихи сөздері

 

Елбасының қазақстандықтарға арналған Жолдаулары және сөйлеген сөздері – елімізді дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың айқын бағыт-бағдары.   

«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Әлем. XXI ғасыр» манифесі және Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға, еліміздің бас қаласын Ақмолаға (қәзір - Нұр-Сұлтан) көшіруге, Президентті ұлықтау рәсіміндегі, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференцияларда сөйлеген сөздері еліміздің жарқын келешекке жетелейді.

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тарихы үшін маңызды мәселелер бойынша сөйлеген сөздерімен танысуға болады. 

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» сыйлығын тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі

Құрметті рәсімге қатысушылар! Қадірлі қонақтар! Баршаңызды «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» сыйлығын тапсыру рәсімінде көргеніме қуаныштымын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономикалар» атты ХІІ Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзі

Құрметті Форумға қатысушылар! Қадірлі қонақтар! Астана экономикалық форумының 12-ші жиынына қош келдіңіздер! Мемлекеттер көшбасшыларына, халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне, трансұлттық ірі компаниялардың өкілдеріне, осы басқосудың жұмысына атсалысып жатқан белгілі ғалымдар мен сарапшыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Наши регулярные встречи стали доброй традицией, и я очень дорожу доверительной атмосферой, которая сложилась на этой площадке. В 2008 году я инициировал проведение подобного мероприятия. Сегодня мы проводим уже 12-й форум.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бүгінде бұл құрылым – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі саналады. Уважаемые участники сессии! Глобальный мир переживает мощнейшую трансформацию. Мы все понимаем, что живем уже в совершенно новую историческую эпоху. Мы незаметно пришли к этому. Кардинально изменились экономика, жизнь общества, технологии.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде сөйлейген сөзі

Құрметті партияластар! Қадірлі қауым! Баршаңызбен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде жүздескеніме қуаныштымын! Біз партиямыздың жақында өткен ХVIII съезінде мемлекетке, елге қажет барлық мәселелерді кеңінен талқылап, шешім қабылдадық. Сондай-ақ, партияның стратегиялық бағдарламасын бекіттік. Атқарған жұмыстарымыз бен жетістіктерімізге баға бердік. Ал, бүгін Қазақстан Президентінің алдағы сайлауына өз кандидатымызды ұсыну үшін бас қосып отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе.     Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі. 2019 жылғы 19 наурыз

Құрметті Қазақстандықтар, отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері! Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде сөйлеген сөзі

Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі   Құрметті делегаттар және съезд қонақтары! Қадірлі партияластар! Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 1999 жылғы 1 наурыз егемен еліміздің жылнамасына партиямыздың негізі қаланған күн ретінде енді. Тарих өлшемімен қарағанда бұл – көп уақыт емес, бірақ біз үшін тұтас дәуірге бара-бар.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

Қадірлі қауым! Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам.  Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Сондықтан менің Жарлығыммен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын білесіздер. Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық. 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ   Құрметті қазақстандықтар! Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.   Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.

Беттер