«Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы


Линия слева от текста

2008 жылы негізі қаланған «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасы халықаралық мәдени байланыстарды дамыту мен нығайтуға бағытталған. Жоба аясында көрмелер мен дәстүрлі рәсімдер, әдеби және музыкалық кештер, шығармашылық кездесулер мен шеберлік сыныптары өтеді. Жобаның серіктестері әлемнің көптеген елдерінің елшіліктері, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік музейлер, мәдени орталықтар, ұйымдар мен жеке тұлғалар болып табылады.

10.11.2020 | РИМ ПАПАСЫ ИОАНН ПАВЕЛ II-НІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ИОАНН ПАВЕЛ II - ҮНҚАТЫСУ ПАПАСЫ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Иоанн Павел ІІ-үнқатысу Папасы» көрмесінің ашылуы өтті. Көрме Рим Папасы Иоанн Павел II-нің 100 жылдығына, сондай-ақ Папаның 2001 жылы Қазақстанға ресми сапарына арналған.

01.10.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА КҮНШЫҒЫС ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ

Бүгін, 2019 жылғы 1 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов елордаға ядролық қарусыз әлем тақырыбындағы халықаралық көрмемен келген Сока Гаккай Интернешнл (SGI) ұйымының вице-президенті Хироцугу Тэрасаки бастаған жапондық делегациямен кездесті.                           

10.09.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ «ХАНБОК ЖӘНЕ МЕН: ӨЗІМЕ ЕМДІК ЖОЛ» КОРЕЙ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -  Елбасы Кітапханасының музейінде «Ханбок және мен: өзіме емдік жол» корей ұлттық киімдері көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің 10 жылдығына орай Қазақстандағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығымен бірлесе ұйымдастырылды.

02.07.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БЕЛАРУСЬТІ НЕМІС-ФАШИСТ БАСҚЫНШЫЛАРЫНАН АЗАТ ЕТУДІҢ 75-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

2019 жылғы 2 шілде күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында «Крок да Перамогi» («Жеңіске қадам») сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

11.06.2019 | ӨМІР МЕН ҚУАТТЫ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ ҚҰРАЛ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА АС ТАЯҚШАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

2019 жылғы 11 маусым күні Елбасы кітапханасында ас ішуге арналған корей таяқшаларының «K-Chopsticks: Connection» көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік орнатылуының 10 жылдығына арналған.

30.04.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ЛЕНИНГРАДТЫ ҚҰРСАУДАН АЗАТ ЕТУДІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТТІ

2019 ж. 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Санкт-Петербург мемлекеттік театр және музыка өнері музейінің қорынан «Құрсауда қалған виолончель» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ және StagePro компаниясының белсенді қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Көрме Лениниград құрсауын бұзудың 75 жылдығына арналған.