«Жұлдызай» мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығының ІІ республикалық фестиваліне қатысушылар мен жеңіпаздары жұмыстарының көрмесі.

     2007 жылдың 31 мамыр - 25 маусымында «Жұлдызай» мүмкіндіктері шектеулі балалар шығармашылығының ІІ республикалық фестиваліне қатысушылар мен жеңіпаздары жұмыстарының көрмесі «Сәндік-қолданбалы өнер», «Бейнелеу өнері», «Әдеби шығармашылық» номинациялары бойынша өтті.
      Көрмені ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, «Қамқор» қайырымдылық қоры және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.