«Жеңіс ізбасарлары» атты қор көрмесі

4 мамыр – 9 маусым 2015 ж.

«Жеңіс ізбасарлары» атты қор көрмесі

       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Жеңіс ізбасарлары» атты Музей қорынан ұйымдастырылған көрме өткізілді. Көрменің кіріспесі ретінде Соғыс ардагерлері және тылда еңбек еткен ардагерлердің жеке мұрағатынан алынған материалдар, 1945 жылғы Жеңіс шеруінің кинохроникасы бейнеленген «Жалын оты шарпыған» бейнеинсталляция көрсетілді. Экспозицияда Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз дамуы айқындалған ҚР Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздіктің бастауында қабылдаған шешімдерін куәландыратын фото-, бейнематериалдар мен мұрағаттық құжаттар ұсынылды. ҚР Қарулы Күштерінің негізін қалаушысы ретінде Н. Ә. Назарбаев бірқатар стратегиялық маңызды қадамдардың бастамашысы болды: ядролық қарудан бас тарту, шекаралық аймақтардағы шиеленісті территориялар мен шекараны межелеу бойынша даулы мәселелерді шешу, жоғары әскери оқу орындарын қалыптастыру және т.б. Көрме материалдарымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен қатар, қасіретті соғыс жылдары ардагерлердің үлгі боларлықтай өнегелі ерліктерін еске алу мүмкіндігіне ие болған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жас өкілдері де танысуға мүмкіндік алды.