Желтоқсан 2019

2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 10322 адам келді, келушілерге жалпы 288 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 158 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 4911 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 130 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5716 адамды құрады.

Келушілердің негізгі бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, әскери қызметкерлер, сондай-ақ елордаға Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан, жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар құрады.

РФ, Малайзия, Сингапурдан келген туристерге «ҚР Президентінің Резиденциясы бойынша тур» өткізілді.