«Жапония қуыршақтары» атты көрмесі

16 мамыр – 5 маусым 2011 ж.

     «Жапония қуыршақтары» атты көрмесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Мәдениет арқылы сұхбат» халықаралық жобасы аясында Жапон Елшілігі және Жапон қорымен бірлесе отырып өткізілді.
      Аталмыш көрменің мақсаты Қазақстан азаматтары мен қала қонақтарын дәстүрлі өнердің бірі жапон қуыршақтарымен таныстыру болды. Сонымен қатар, Қазақстанда Жапон мәдениетін жетік білу және екі ел арасындағы достық қатынасын дамыту болып табылады.
      «Жапония қуыршақтары» көрмесі Үндістаннан бастау алған халықаралық турне аясында өткізіліп, Астанадан әрі қарай саяхатын жалғастырады. Көрме музейдің ең басты залдарының бірі – Алтын залда орналасты. Көне жапон мәдениетінің әсемдігі және әдемілігі, сан дәуірлердің салты қуыршақтар әлемінде ұштастырылады. Барлық елдерде қуыршақтар балалар ойыншығы ретінде танылған. Алайда Жапонияда қуыршаққа деген көзқарас өзгеше.
      Жапониядағы қуыршақтар – бейнелеу мәдениеті мен діни символиканың элементі. Күн шығыс еліндегі қуыршақтар жасау өнері Дзёмон кезеңінен бастау алады (б.з.д. 10 000 жыл-б.з.д. 300 жыл). Балшық, сүйек және тастан жасалған қуыршақтар зұлымдық пен аурудан, үйді қайғы-қасіреттен қорғайтын тұмар ретінде қолданылған. Сонымен қатар олар әсем сүйсіну, эстетикалық рахат алуға арналған. Құпиясын тек қана нағыз шеберлер білетін, бірегей технологиямен дайындалатын әрбір провинция қуыршағының өзіндік айқын ерекшелігі бар. 1936 жылы қуыршақ жасау ресми танылған өнер мәртебесін алды. Ал 1955 жылдан бастап айтулы шеберлер «Ұлттық жанды қазына» құрметті атағын иелене бастады. Күн шығыс елінде өзіндік бір әлем – көркем қуыршақтар әлемі бар деп айта аламыз.
      Экспозицияда 70 жапон қуыршағы ұсынылған. Көрме қонақтары императорлар сарайының мүшелерін, Кабуки театрының әртістерін, самурайлар мен балаларды, қарапайым халық және қала адамдарын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл көрме барлығын осы күнгі көркем қуыршақтар әлемімен, оның маңдай алды дәстүрі және жапон халқының бүгінгі тұрмысымен таныстырды.