Заманауи поляк графикасы

8 қараша – 8 желтоқсан 2011 ж.

Қазақстан Республикасындағы Польша елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Мәдениет арқылы үндестік» халықаралық жобасының аясындағы «Заманауи поляк графикасы» атты көрмесі.

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейіндегі Үлкен банкет залында Польша Республикасының Еуропалық Одақта төрағалық ету жылына орай ұйымдастырылған «Заманауи поляк графикасы» атты көрме өткізілді. Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғали, Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы елшілігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Яцек Ключковски, Гданьск қаласындағы бейнелеу өнері Академиясының профессоры Януш Акерманн сөз сөйледі.
      Көрменің қонақтары 17 белгілі поляк суретшілері: Вальдемар Маршалек, Мирослав Павловски, Януш Акерман, Збигнев Лютомски, Иоанна Пех, Дариуш Каца, Збигнев Пурчиньски, Доминка Садовска, Ян Памула, Эва Завадска, Анджей Калина, Теодор Дурски, Анджей Бобровски, Богумила Пренговска, Хенрык Ожуг, Адам Романюк және Эрик Маенның суреттерін тамашалауға мүмкіндік алды.