«Ұлы дала бейнесі» атты көрме

10 желтоқсен 2009 жыл – 10 қаңтар 2010 жыл

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасындағы Польша Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында «Ұлы дала бейнесі» атты көрме өтті. Көрмеге ХІХ ғасырдың соңындағы қазақтардың этнографиясы мен материалдық мәдениеті бойынша салынған Константин Николаевич де Лазаридің фотосуреттер коллекциялары мен Б. Залесскийдің графикалық шығармалары қойылды.
      Поляк авторлары жұмыстарының көрмесі еуропалық зерттеушілер көзімен қарағанда Ұлы Дала көріністерін неғұрлым толық көрсетуімен және қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетінің неғұрлым толық көрсетілуімен таңғалдырды.
      Қазақ халқының ішкі саналуандығы мен бейнелеу тәсілдеріне өте бай, тамыры ғасырлар қойнауына кететін ұлттық мәдениеті бар. Өз жұмыстарда поляк авторлары қазақтардың мәдениеті мен тұрмысын мүмкіндігінше егжей-тегжейлі және шынайылықпен бейнелеуге тырысқан.
      Үлкен көрме залына Жетісу облысы Лепсі уезінің бастығы, поляк зерттеушісі К. Н. де Лазаридің ХІХ ғасырдың соңында түсірілген ең жарқын этнографиялық фотоколлекциялары қойылды. Техникалық күрделілігіне қарамастан, 29 фотосуреттің барлығы да көшпелі тұрмыс жағдайында, ХІХ ғасырдағы жағдайға сәйкес киім үлгілерін көрсете отырып орындалған.
      Еуропа суретшілері арасында тұңғыш рет Бронислав Залесскийдің «Қазақ даласындағы өмір» шығармалар коллекциясында қазақтардың өмірі нағыз шынайы қалпында көрсетілген. Үй жабдықтары, киім-кешектері, этнографиялық детальдардың суреттері аса дәлдікпен салынған, пейзаждар мен өткеннің ескерткіштері тамаша орындалған. Бронислав Залесский материалдары - өте биік талғамның, әсердің, табиғаттың айрықша сипатының, адамдардың және олардың ХІХ ғасырдағы өмірінің коймасы, қайнар көзі. Әлем поляк суретшісінің Маңғышлақта өткізген өмірінің бір үзігінде назары түскен және үнемі серігі болған қарындашымен бейнелеген нәрсенің барлығымен ат үсті болса да таныса алды.