«Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» атты көрме

11 қыркүйек - 8 қазан 2009 ж.

Қостанай облысы музей қорларынан ұйымдастырылған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» атты көрме «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.
      Қазақ ағартушылық тарихы, ұлттың зиялы қауымының өсіп-қалыптасуы Қостанай өңірімен тікелей байланысты. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, мәдени құрылыстың белсенді қатысушылары мен қазақ мемлекеттілігі мұратының жаңа тұрпатты негізін салушылар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар - осы өңірден шыққан тұлғалар.

Қостанай топырағы Ресей империясының көптеген халықтары мен кеңес өкіметі тұсындағы арнайы жер аударылғандар үшін өздерінің отанына айналды.
      Облыстық музей қорларынан алынған фотоматериалдар, мұрағат құжаттары мен музей құндылықтары Қазақстан аумағын мекендейтін көптеген халықтар мәдениетінің бесігіне айналған Қостанай аймағының тарихы мен мәдениетінің әр алуан қырларын ашады.
      Экспозиция үш залға қойылды. Егер Түскі ас залында жаңа және қазіргі заманғы қазақ зиялыларының ұлы өкілдерінің әдеби шығармашылығы, рухани ізденістері қойылса, Үлкен және Кіші банкет залдарына Қостанай облысы аумағында тұратын ұлттар мен ұлыстардың көркем шығармашылығы мен материалдық мәдениетінің ең жарқын үлгілері қойылды.