«УАҚЫТ ӨЗЕНІ» ЖАС СУРЕТШІЛЕРДІҢ СУРЕТТЕРІНДЕГІ КЕНШІЛЕР ӨМІРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ҰСЫНЫЛДЫ

        03.06.2019

        2019 жылғы 3 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы – Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстарының көрмесі ашылды. 

        «Туған өлкем» көрмесі 2018 жылдың ақпанында Елбасы кітапханасында бастау алған балалар шығармашылығын  және қосымша білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Осы бастаманың арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстандағы балалар көркемсурет мектептерінің үздік дипломдық жұмыстарымен таныса алады.

       «Біздің жобаның негізгі мақсаты – қосымша білім беру мекемелерінде оқитын балалардың жұмыстарын көрсету. Шахтинск қаласы бұл бағытта өте маңызды рөлге ие. Біріншіден, бүгінгі көрменің ашылуы қала күніне орайластырылған, металлургтер өңірі болып табылатын Қарағанды облысы - Елбасымыздың өмірбаянында, оның тұлға ретінде қалыптасуының маңызды кезеңі. Екіншіден, бұл қалада жергілікті атқарушы билік тарапынан балаларға арналған көркемдік мектепке деген қолдауды байқадық, мектептің жеке ғимараты да бар. Яғни, заманауи Қазақстанның даму динамикасы тек педагогтарға, жақсы нәрсеге ұмтылу және отбасындағы балалар мен ересектердің бірін-бірі түсінуінде ғана емес, сонымен қатар жергілікті биліктің балалар шығармашылығына деген дұрыс көзқарасында екендігін көрсеткіміз келеді»,– деп атап өтті Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Күләйша Актаева көрменің ашылу салтанатында.