«Түркі әлемі» көрмесі

31 қазан 2012 ж.-28 қаңтар 2013 ж.

«Түркі әлемі» көрмесі

      Музейдің Күмбезді залында «Астана – 2012 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы» деген ТҮРКСОЙ-дың ұсынысына арналған «Түркі әлемі» атты көрмесі өтті. Көрме «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
      Экспозициялық жобаның әріптестері «Назарбаев орталығы», Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейлері, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы, Отырар мемлекеттік қорық-мұражайы және танымал ғалым-түркологтар болды. Жобаның ғылыми кеңесшісі «Назарбаев орталығының» бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досымбаева Айман Медеубайқызы.
      Бірегей құжаттық және археологиялық материалдар түркілердің тарихи-мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді. Экспозицияның көркемдік-графикалық шешімі келушілерді бей-жай қалдырмады. Көрме қонақтары түркі әлемін алуан түрлі қырларынын танып, түркілер мәдениетінің тылсым әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік алды.