«Тарихи оқиғалар тоғысында» көрмесі

20 қараша – 6 желтоқсан 2009 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысының музейлер қорынан ұйымдастырылған «Тарихи оқиғалар тоғысында» көрмесі Қостанай мен Ақтөбе облыстары өздерінің музейлік артефактілерін ойдағыдай ұсына білген «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасының күзгі циклын аяқтады. Солтүстік Қазақстан облысы экспозициясының басты ерекшелігі Дала өлкесінің археологиясын, жәрмеңке тарихы мен кереуен саудасын және Ресейдің отарлауы нәтижесінде аймақтың дамуын кеңінен көрсету болып табылады. Өзінің табиғи-географиялық орналасуына байланысты бұл аумақ қашан да қазақ халқының тағдырын айқындайтын мәні бар оқиғалар мен деректердің, тарихтың аса маңызды тоғысында тұрды.
      Экспозицияның бірінші бөлімі «Ежелгі мәдениеттің мәйегі» деп аталады және өлкенің Қазақ хандығы кезеңінен бері қарайғы тарихын баяндалды. Өлкені отарлау тарихы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған мұрағат және бұйымдар кешені арқылы көрсетілді. Облыстың көптеген мемориалдық музейлері өз қорларының аз ғана, бірақ неғұрлым иллюстрациялы бөлігін әкелді. Белгілі зерттеуші, этнограф және географ Ш.Уәлиханов, әдебиетшілер және қоғам қайраткерлері М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, И.Шухов, ғарышкер В.Шаталов пен А.Викторенко тұлғалары арқылы өңірдің тарихи-мәдени дамуының кең панорамасы көрсетілген.
      «Ұлттық тарих – ұлы ұғым» деп аталатын екінші бөлім ежелгі дала мәдениетінің тарихи қайта жаңғырған артефактілерін ұсынды. Ботай селосынан табылған археологиялық ескерткіштер адамзат тарихында ғылыми дәлелденген деректердің – уақыт пен жылқыларды қолға үйретудің шынайы мәні туралы ойлануға «барынша жақын келуге» мүмкіндік берді. Бұл оқиғаның адамзат өркениетінің дамуында зор әлеуметтік және экономикалық маңызының болғаны белгілі, ол көліктің, қарым-қатынастың дамуына алап келді, өндірілетін тағам өнімдері мен қару-жарақ санын көбейтті. Британдық археологтар мен антропологтардың Ботай селосынан табылған материалдарды зерттеуі Солтүстік Қазақстанның орманды дала аймақтарында жабайы жылқыларды алғаш қолға үйрету деректерін растады.
      Экспозицияның «Өлкедегі сауда айналымы» деп аталатын үшінші бөлімі бекіністің, кейіннен өлкенің сауда орталығы ретіндегі Петропавл қаласының дамуына арналды. Көпестік сословиенің гүлденуі, демек, қала қазынасының толығуы бекіністің Есіл жағалауының ірі саяси және экономикалық орталығына айналуымен байланысты болды. Мұнда Ресей мен орта Азиядан шығатын сауда жолдары түйісіп, Моңғолиямен, Қытаймен, Ташкентпен, Қоқанмен, Хиуамен арадағы кереуен саудасы қайнап жатты.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі «Тарихи оқиғалар тоғысында» ауқымды көрмесімен әр көрме сайын бастамашыларды да, қонақтарды да республикамыздың тарихы мен мәдениетінің байлығы мен әр алуандығына көзін жеткізе отырып, «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық үш жылдық көрме жобасының екінші жылын аяқтады.