Тарих беттері

20 қыркүйек – 2 қазан 2011 ж.

Солтүстік Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайлық бірлестігінің қорынан ұйымдастырылған «Тарих беттері» атты көрме.

      Бұл көрме «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасының қисынды жалғасы болып саналатын, музейаралық ынтымақтастық жобасының жұмысын бастады. Көрменің ашылу рәсімінде: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғали, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Талғат Ақылбеков, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің проректоры, профессор Зиябек Қабылдинов құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты ашылу рәсімінің лентасын қию Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Петр Дмитриенко мен Музей директоры Алма Сағынғалиға берілді.
      ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің Үлкен Банкет залында орналасқан экспозиция XVIII ғасырдың І-жартысынан XIX ғ. аяғына дейінгі кезеңді қамтитын тарихтың күрделі кезеңін ашып көрсетті. Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына өту процесі жайлы баяндайтын құжаттар жиынтығы, аңызға айналған тарихи тұлғалар – Әбілқайыр хан, Абылай хан, Кенесары Қасымов жайлы мәліметтер келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Көрме мәліметтері Ақмола облысының құрылу тарихы, өңірдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі, сонымен қатар алғашқы қоныс аударушылардың өмірі мен тағдыры жайлы баяндады. Көрме материалдары Ақмола облысының құрылу тарихы, өңірдің әкімшілік-территориялық бөлінуі, сонымен қатар алғашқы қоныс аударушылардың өмірі мен тағдыры жайлы баяндады. Экспозицияның жеке бөлімдері білім жүйесінің дамуы мен өңірдегі ағартушылық мәселелеріне, сонымен қатар Есіл жағалауы казактарының тағдырына арналды.