ТАРАЗДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» АТТЫ КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

05.09.2019 ж.

2019 жылғы 5 қыркүйек күні Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Аймақ тұрғындарына Елбасы кітапханасының мұрағат, кітап, мұражай қорынан алынған материалдар көрсетілді. Тараздың кең жұртшылығына алғаш рет Н. Ә. Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей топтамасы, мемлекет басшылары мен қазақстандық авторлардың қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптар топтамасы, сондай-ақ Елбасының шетел тілдеріндегі еңбектері ұсынылды.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов іс шараның салтанатты ашылу барасында: Бүгін біздің алдымызда тәуелсіз Қазақстанның туы желбіреп тұр. Бірақ, елдің осы жетістікке қалай келгенін, оның қалыптасу жолының басында қандай қиындықтарды жеңуге тура келді Сондықтан бұл көрменің барлық қазақстандықтар үшін бірегейлігі мен маңыздылығын атап өткім келеді. «Мен үшін біздің Қазақстанға, біздің елімізге шын жүректен қызмет етуге қарағанда, үлкен бақыт жоқ» деген өз өмірін халыққа арнаған Елбасының сөздері еріксіз еске түседі. Әрбір экспонаттың артында Елбасы қызметінің, оның орасан зор дана тәжірибесі мен көреген саясатының куәсі. Бұл біздің жас ұрпаққа, балаларымыздың білуі өте маңызды әрі қажет деп есептеймін.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов өз құттықтау сөзінде көшпелі көрме жобасының басты мақсаттарын атап өтіп, экспозициялардың мазмұнына назар аударды.

Көрменің мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының рөлін дәйекті түрде көрсету болып табылады. Бірегей мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар, Елбасының мемлекеттік наградалары - бұл тәуелсіз мемлекеттің құрылысы жолындағы маңызды тарихи оқиғалардың куәсі. Әрбір экспонат – әлемдік мойындалған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жаһандық идеялары мен бастамаларының көрінісі, - деді Ә. Рахымжанов.

Іс- шара барысында Асқар Мырзахметов пен Әмірхан Рахымжанов көшпелі көрме жобасының пікір тілек кітабына естелік қолтаңбалар қалдырды.

Көрмеге келушілер  «Тарихи таңдау», «Атамекен», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Бір жәдігердің тарихы" атты шолу және тақырыптық экскурсияларға қатысты. – Көрмені тамашалау барысында арнайы қонақ боп келген қоғамдық бірлестіктің өкілі Сейітхан Қуантаев:  «Көрмеде құжаттардың түпнұсқалары, Елбасының жеке жазбалары қойылған. «Біздің атақты спортшылардың олжасын көрдім, олар қолдау үшін құрмет пен алғыс белгісі ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсырды. Құжаттарды оқи отырып, Елбасының бейбіт, тату көп ұлтты халықтарды құру үшін қандай орасан зор еңбегі бар екеніне көз жеткізесің. Қазақстанның әлемдегі беделі жоғары, бұл да әлемнің жетекші елдерінің көшбасшыларынан марапаттар саны жағынан көрінеді, - шынайы қуанышын осылай жеткізді.

Қор көрмесі - бұл үлкен ғылыми, білім беру, мәдени-ағарту іс-шаралары, сонымен қатар Жамбыл облысының аудандарына барған көшпелі экскурсиялар топтамаларынан тұратын «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасының басты оқиғасы болып табылады.

Ағымдағы жылғы 3 және 4 қыркүйекте көшпелі экскурсиялар облыстың Қордай және Шу аудандарында болды, сонымен қатар Тараз қаласында аймақтың ғылыми қоғамдастығы үшін кітапхана, мұрағат, мұражай салаларының мамандары, мемлекеттік қызметкерлері қатысқан аймақтық кәсіби сессия және ғылыми-практикалық семинар өтті.

2017 жылдың қараша айында бастау алған «Н. Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» көшпелі көрме жобасына осы уақыт ішінде Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында болды және оған 900 мыңға жуық адам қатысты.