Шілде 2019

2019 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 13873 адам келді, келушілерге жалпы 399 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 210 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 6140 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 189 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 7733 адамды құрады.

Осы кезеңде кітапханаға келушілердің көп бөлігін Қазақстан аймақтарынан келген туристер мен шетелдік қонақтар құрады.

Тұңғыш Президент кітапханасының жыл сайынғы дәстүрінің жалғасы ретінде қала күніне арналған ашық есік онкүндігі болды. Келушілердің негізгі ағымы - Қазақстан аймақтарынан келген мектеп оқушылары, сондай-ақ алыс және жақын шетелден келген туристер болды.